Қытай астанасы жылдар өте жер астына сіңіп кетуі мүмкін

4733
15
Бөлісу:

6cd8afa052372cc90175599894582b28_resize_w_520_h_Халықаралық ғалымдар тобы Бейжің қаласы жыл сайын жер астына батып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Жер асты суларын мөлшерден тыс пайдалану әрі жер жыныстарының опырылуы салдарынан қытай астанасы жыл сайын 11 сантиметрге отырып барады. Бұл туралы мақала Remote Sensing журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.

 Ғалымдардың айтуынша, қаланың мұншалықты отыруы тұрғындарға қауіп төндіріп, жоғары жылдамдықты теміржол жүйесін істен шығаруы мүмкін. Жер биіктігінің өзгерісін жер қыртысының кез келген өзгерісін байқап отыратын InSAR – синтетикалық апертурасы бар радарлық интерферометр тіркеді.

Әсіресе алып шаһардың зәулім ғимараттар, айналма жолдар және басқа да қала инфрақұрылымдарының озық үлгілері үйлесім тапқан Чаоян ауданының жерге кіріп бара жатқаны анық сезіледі. Егер бұлай жалғаса берсе, алып ғимараттар мен жер асты жолдарын алапат күтіп тұр.

Жалпы, Бейжің қаласы мыңжылдықтар бойы жер асты сулары жиналған жазықтықта орналасқан. Мөлшерден тыс жер асты суларын сорғылау жер жыныстарының солып, тығыздалуына алып келеді. Қала маңында бірнеше ондаған ұңғымадан су айдалып, қаланы көгалдандыру және ауылшаруашылық мақсаттарына пайдаланылады.

Дерек көзі: БАҚ.кз

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

  1. Есенғали, Антакиядан 27 Маусым, 2016 13:08 Жауап

    Бейжің түгілі бүкіл бүкіл Қытай (Шыңжаңнан басқа) жер астына сіңіп кетсе де, пәруайым пәлек !
    :kulki1: :zhlau: :kulki:

  2. Berik SKO 27 Маусым, 2016 16:08 Жауап

    Ес-аға, «Қытайлар Қазақ жерін басып алады» – деп жүргенде, керісінше – қазақтар Қытайды басып алмасын)))

  3. Есенғали, Антакиядан 27 Маусым, 2016 16:25 Жауап

    Орыстың бабалары орманда жалаңаш ағашқа өрмелеп, тышқан аулап, қоңыз теріп жүргенде біздің бабаларымыз бұтына шалбар киіп, ат ерттеп мініп, ат тұяғының дүбірімен бүкіл Еуропаны дүрліктірген.
    Қытайлар не үшін ұзындығы 8851,9 километрлік «Китайская стена» дегенді тұрғызды дейсің, Берік інім ? !
    :kulki1: :kulki: :kulki1:

  4. Berik SKO 27 Маусым, 2016 17:54 Жауап

    Соны білмейді дейсіз бе, Ес-аға?
    Бірақ…
    Бір жекжатымыз баяғыда, менін бала кезімде:»Дүния кейде бетін, кейде к*тін береді» – деүші еді, марқұм…
    Кəзіргі буыннын қазағыма тағдыр əзірше артын көрсетіп жатыр ғой, аға…
    Ол *өт тым нұрланған *өт қой…
    P.S.Əдепсіз жазғаным үшін кешірім сұраймын, аға!

  5. Қонақ 27 Маусым, 2016 20:38 Жауап

    Барлығын жейді, ең болмағанда торғай нең бар лір шайнам еті барма жоқпа, Манғышлаққа шерепица завод салған қытайлар,қыл сетка құрып торғайды жейді екен.сол інім жұмыс істеген сонда сол кезде көрген рас.

  6. Ислам 27 Маусым, 2016 23:52 Жауап

    Маңдайға жазылғанды көреміз. Бірақ ақыр заман жақын адамзат. Не боп баратыр мына дүнияда.

  7. шыңғызхан 28 Маусым, 2016 01:56 Жауап

    олар қытай құблайдың антын бұзып жатыр оларға қарғыз атсын олар орта азияғаға қарсы шығпау керек еді керек болса орыс елінеде орыс елі біздің ежелден келе жатқан ел олар бізге қарсы келмеиді олар оны жақсы біледі

  8. Асланбек 1 Шілде, 2016 01:37 Жауап

    Қытай жер астына батып кетсе мəшиналарга зпачастты кайдан табамыз :kulki1:

Пікір немесе жауап жазу

төрт × төрт =