Халыққа «Қашағаннан» қанша пайда бар?

1204
3
Бөлісу:

6a50aeae428757443b523b9824eb73baЖуырда Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қашаған мұнай кенішінің осы жылдың қазан айына дейін қосылатынын мәлімдеді. Тіпті мұнай өндіру көлемін жоспарланған 74 миллионнан 75 миллион тоннаға дейін арттыруды тапсырып отыр. Алайда Қашағанды қазанға дейін іске қосу мүмкін бе, мүмкін болса, одан қараша халыққа қандай пайда болмақ?

75ee5dd0-6e62-487e-89d4-436a1b54582d
Қанат Бозымбаев

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, әлемдегі ең ірі мұнай-газ кеніші биылдан қалмай іске қосылады. Бүгінде ол Қашаған мұнай кенішінде қауырт жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

– Жөндеу жұмыстары осы қарқынмен жалғаса беретін болса, тапсырманы орындау көрсеткіші 87 пайызды құрайды. Бұған дейін экологиялық айыппұл бойынша қиындықтар болған. Қазіргі кезде бұл мәселе реттелді. Егер біз Қашағанды қазан айында іске қосатын болсақ, онда республика бойынша мұнай өндіру көлемі 70,5 тоннаға дейін артады, – дейді Қ.Бозымбаев.

Министрдің «тапсырманы орындау көрсеткіші 87 пайызды құрайды» дегеніне қарағанда, Қашағандағы жұмыстың 13 пайызы әлі аяқталған жоқ. Міне, сол 13 пайыз жұмыстарды 3 айдың ішінде бітіріп, кенішті іске қосу мүмкін бе?

Белгілі экономист Жангелді Шымшықов осы сұраққа қатысты өз ойын білдірді. Оның айтуынша, кенішті қазан айына дейін іске қосу, қоспау мәселесі Үкіметке тікелей қатысты емес. Бұл арада инвесторлардың тез әрекет етіп, жұмыс істеуі маңызды болып отыр. Бұл бір.

Екіншіден Қашаған кеніші іске қосылды делік, одан қараша халыққа қандай пайда бар?

434375_1395897967
Жангелді Шымшықов

– Өкінішке қарай, Қашаған мұнай кенішінен қараша халыққа пайда болмайын деп тұр. Мәселен, кеніште 7 тонна мұнай өндірілсе оның небәрі 1 тоннасы ғана біздікі болады. Ал қалған мұнайды шет елдік инвесторлар бөлісіп алады. Шын мәнісінде, инвесторлар өздері салған ақшасын толық қайтарып алмай, оған біз толық иелік ете алмаймыз. Өйткені әу баста келісім-шартқа қол қойған сәтте қателіктер кеткен. Бүгінде үкімет аталған келісім-шартты өзгертуге ұмтылып жатыр. Алайда келісім-шартты өзгеруте шетелдік инвесторлар құлық танытпай отыр, – дейді Жангелді Шымшықов.

Экономистің айтуынша, үкімет ең құрығанда, Қашағандағы үлесті 50/50 пайыз етіп шешуі керек еді. Алайда сарапшы бұл мәселеде «бармақ басты көз қысты» әрекет болғанына сенімді. Мәселен,

жапондар мен финдер кәсіпорын ашамыз деп елге келгенде, біздің шенеуніктер олардан «откат» сұраған көрінеді.

Ал шетелдіктер жемқорлықпен жұмыс істегісі келмегендіктен, жобадан бас тартқан көрінеді.

Жангелді Шымшықов шет елдік инвесторларға алақан жаймай-ақ, Қашағанды өз күшімізбен игеруге мүмкіндігіміз болғанын айтады. Алайда біздің шенеуніктер бас ауыртып, әрекет жасағанға қарағанда, шет елдің дайын ақшасын әкелгенді қош көретін сыңайлы.

– Қашаған келісімі мұнайдың бір баррелі 100-109 АҚШ доллар болып тұрған шақта жасалды. Міне, сол кезде өзіміздің Ұлттық қорда Қашағандағы мұнайды игере алатындай ақшамыз болды. Менің ойымша, өзіміздің ақшамен кенішті іске қосуға мүмкіндік бар еді. Мысалы, біз «ТМД елдері арасында 200 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартқан мемлекетпіз» деп мақтанамыз. Бірақ аталған кезеңдерде 146 миллиард АҚШ доллары сыртқа кетті ғой. Біз неге сол ақшаның шет елге кетуіне тосқауыл қоймай, қамсыз жаттық? – дейді экономист.

Жалпы, Қашаған мәселесінде қордаланған сұрақтар көп. Бұл ақпараттың бәрі жабық болғандықтан туындап отыр. Ал Үкімет Қашаған мұнай кен орнын ашып, экономикалық жағдайымызды жақсартамыз деп отыр. Шын мәнінде, еліміздің экономикасы кеніш іске қосылғаннан кейін көтеріледі дегенге сенім аз.

Серғали Асланбек

Дерек көзі: 365info.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. ҚазақиЯ 27 Маусым, 2016 21:57 Жауап

    Билікке пайдасы болатыны анық, халыққа, мемлекетке «пайдасы» – қарызды көбейтіп, б..ққа батып тұншыға беру…

  2. Ақиқат 28 Маусым, 2016 00:40 Жауап

    Бізді құртқан – «откат»! Ол откаттар оффшорда жатыр. экономист дұрыс айтады. Біздегі жемқорлықты жақсы білетін шшетелдік қулар әбден біліп алған. Өнімнің жетіден бірін ғана алу масқара ғой. Өз байлығымызд бөгде біреулерге беріп қойып қарап отырмыз. Осы жобаны жасап, қол қойғандардың қолы мен бірге басын да кесу керек. :shoshu:

  3. Барыс 28 Маусым, 2016 01:38 Жауап

    Халыққа көк тиында пайдасы жоқ, шал мен отбасылары мен, жемқор командасына пайда болар.

Пікір немесе жауап жазу

он үш + 17 =