Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

1067
4
Бөлісу:

Кадр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы аптада ел билігінің жоғары сатысында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Мұнан бөлек жергілікті жерлерде де тағайындаулар жүргізілді. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған тағайындауларға шолу жасайды.

Ең алдымен, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков келді. 1954 жылы Қостанай облысында дүниеге келген ол Бүкілодақтық кинематография мемлекеттік университетін бітірген. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласының әкімі, ҚР Индустрия және сауда министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстаннның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Қорғаныс министрі болды. Жаңа тағайындауға дейін елорда әкімі қызметін атқарды.

Ал Президент Әкімшілігінің басшысы болған Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин алдымен Мәжіліс депутаты, іле-шала спикері болып сайланды.  Н.Нығматулин 1962 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саясаттану ғылымының докторы. ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Астана қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2012-2014 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болды. Осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болған еді.

Астана қаласы әкімі лауазымына Әсет Өрентайұлы Исекешев тағайындалды. Ол 1971 жылы Қарағанды қаласында туған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ды, ҚР Президентінің жанындағы жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген. ҚР Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі, ҚР Индустрия және сауда министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі, ҚР Инвестициялар және даму министрі лауазымдарын атқарған.

Осы уақытқа дейін Мәжіліс спикері болған Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды. Б.Ізмұхамбетов 1948 жылы Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы), Теңіз ауданында туған. Уфа мұнай институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі, министрі, Батыс Қазақстан облысының әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, Атырау облысының әкімі қызметтерін атқарған.

Ал Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметіне кірісті. Ол 1975 жылғы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің темір жол көлігі мен порттар бөлімінің бастығы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің бастығы, Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры қызметтерін атқарды. ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, жауапты хатшысы, министрі болып тағайындалды. 2014 жылдан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Өңірлерге тоқталар болсақ, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып Азамат Мұхамедшинов тағайындалды. А.Мұхамедшинов 1978 жылы ШҚО Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде дүниеге келді. ШҚО мемлекеттік университетін,  ШҚО өңірлік университетін аяқтады. Еңбек жолын ол 1998 жылы Жарма ауданы Бақыршық ауылының орта мектебінің ән сабағы мұғалімі болып бастады, 2001-2008 жылдары Риддер қаласы «Шаңырақ» көп бейінді мектеп гимназиясында музыка сабағын бере жүріп,  концертмейстер болып жұмыс істеді. 2008-2010 жылдары Риддер қаласында «Мәдениет» сарайының директоры болды, кейін 2012 жылға дейін Риддер қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. 2013 жылы сәуірден бастап Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды.

Осы облысқа қарасты Зайсан ауданына Темірбек Қасымжанов әкім болып келді. Ол 1957 жылы ШҚО Зайсан ауданы Жарсу ауылында дүниеге келді. Томск инженерлік-құрылыс институтын, Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген. Өскеменнің Октябрь аудандық әкімдігінде, облыс орталығының басқа да құрылымдарында басшының орынбасары, бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды. 2001-2008 жылдары ШҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, кейіннен бастығы болды. 2008 жылғы тамыздан бастап 2009 жылғы наурыз аралығында Өскемен қаласының әкімі болды. 2009 жылғы сәуірден бастап 2013 жылғы мамырға дейін Жарма ауданының әкімі, сосын 2016 жылғы сәуірге дейін Өскемен атқарушы билігін қайта басқарды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Төлеген Болатбек Бақтиярұлы тағайындалды. Б.Бақтиярұлы 1980 жылы туған. Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы қоғамдық ұйымдармен жұмыс және жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2002-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг, әкімшілік, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімдерінің бастығы қызметтерін атқарды. 2010-2016 жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылғы наурыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етті.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң ұйғаруымен СҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы қызметiне Тасмұрат Қатқадамов тағайындалды. Тасмұрат Оқанұлы 1959 жылы Ресей Федерациясы Алтай өлкесi Бор-Фарпост селосында дүниеге келген. Павлодар индустриалды институтын, Л.Гончаров атындағы Қазақ автокөлiк жолдары университетiн тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметiнде 2 жыл жұмыс iстеген. «Ространсстрой» ЖШС директорының, «Корпорация Трансстрой» ААҚ қазақстандық филиалы директорының орынбасары, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бас менеджерi, құрылыс жөнiндегi басқарушы директоры, бас директорының персоналды басқару және режiм жөнiндегi орынбасары болған. «ҚазАвтоЖол» «ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның ақылы автомобиль жолдары директорының орынбасары қызметiн атқарған. Солтүстiк Қазақстан облысы мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы болған. 2015 жылдан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейiн «Olimp Construction» ЖШС директоры болып қызмет еттi.

Атырау облысы әкімінің өкімімен Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып Игілік Әубәкіров тағайындалды. И.Әубәкіров 1975 жылы туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін және Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Астана қаласы Алматы ауданы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік Ұлттық институты директорының орынбасары, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ-ның Астана қаласындағы өкілдігі директоры болып жұмыс жасаған. 2010 – 2013 жылдары аралығында Атырау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2013 жылғы тамыз айынан бастап, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және кадр мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

Марлан Жиембай

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Есенғали, Антакиядан 25 Маусым, 2016 15:03 Жауап

    Көшеге шығып он адамнан «ФИИР деген не ?» деп сұрасаң, сұраған адамдарыңның тоғызы білмейді.
    Сол министрлікті басқарған Исекешев нелерді «форсировать» етіп тастапты ?
    Қазір мұнайдың бөшкесінің әлемдік бағасы 48 доллар, ертең мұнай бағасы 20 долларға түсіп, көсеушінің сүйікті ойыншығы Астанада ЕХРО көрмесі өтпей қалса, айыпты Исекешев болып шыға келеді.
    «Шымшық сойса да, қасап сойсын» деген даналық сөз бар.
    Джаксыбеков деген қазақша қақпайтын мәңгүрт-көзқаман киногер президент әкімшілігін басқарғанда не тындырады ?
    Қазақстанды демократиялы елге айналдыра ма, билікті президенттік-парламенттік жүйеге түсіре ме ? !
    :oilanu: :oilanu: :oilanu:

  2. Максат 25 Маусым, 2016 17:02 Жауап

    Өз басым Исекешевтың келгеніне қуанып отырмын, жаңаша ойлайтын азамат қой!

  3. ҚазақиЯ 26 Маусым, 2016 11:37 Жауап

    20 жылда допинг алған адам наркоманға, арақ ішіп жүрген адам алқашқа айналуы әбден мүмкін. Исекешовтің авторитарлық жүйеде қызмет еткеніне 20 жылдан асты. Қуанған адамдардың үміті ақталғанына тілектеспін…

  4. Есенғали, Антакиядан 26 Маусым, 2016 11:54 Жауап

    Жирма жыл бойы көсекеңнің «продукті» болған пенде жағымпаз, жалтақ-жалбақайға айналады. Ол «продуктінің» өзіндік ой-пікірі болмайды, он институт бітірсе де, алған білімінен айырылған зомбиге айналады. Ошшым, БАРЫП КЕЛ, ШАУЫП КЕЛ, АЙТЫП КЕЛ …
    :kulki1: :zhlau: :kulki:

Пікір немесе жауап жазу

жиырма − 7 =