Ахметов биыл түрмеден шығуы мүмкін…

4117
11
Бөлісу:

018Қазақстан тәуелсіздігін алған уақыттан бері билік тізгінін ұстаған қаншама шенеунік жемқорлығы үшін сотталды. Тіпті, көбісінің аты-жөндері де қазір ешкімнің есінде емес. Бірақ, жұрт экс-премьер Серік Ахметовке «обал болды» дегенді жиі айтады. Оған тағылған айыптар сотта дәлелденсе де, халықтың көбі сенгісі келмейтіні жасырын емес.

Билік маңайында жүрген ұзынқұлақтарға сенсек, 14 жылға сотталған Серік Ахметов биыл күзден қалмай ақталып, бостандыққа шығады-мыс. Бұған ҚР Президенті әкімшілігі басшысының қызметтен кетуі себеп болған көрінеді. Рас-өтірігі белгісіз, Ахметовтің сотталуына бүгінгі Мәжіліс спикерінің қатысы болған дейді тағы сол ұзынқұлақ. Мұндай әңгімені тіпті, сот болып жатқан кезде кейбір қоғам белсенділері де айтып жүретін. Енді қызметтен кетіп, ықпалы әлсіресе керек, Ахметовке тағылған темір құрсау босай бастапты. Естуімізше, экс-премьер жақын күндері «үлкен кісінің» өзімен кездесіп, кешірімін алған да көрінеді.

Осы ретте айта кету керек, Серік Ахметовтің сот процесі жүріп жатқан тұста отандық БАҚ өкілдерінің көбі аталған тақырыпта мән-мағынасы мен мазмұны бірдей ақпараттық материалдар жариялап отырды. Бұл материалдарды әдетте ҚР Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметінің мамандары жіберіп отыратын дейді журналист әріптестер. Яғни, Ахметовке қарсы ақпараттық шабуыл жоғары жақтан ұйымдастырылған болуы мүмкін.

Жалпы, жаңа спикер есімін тек Ахметовтің ісімен ғана емес, ЭКСПО және кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің істерімен байланыстыратындар да бар. Бұл да әрине, жай алып-қашпа сөз болуы мүмкін, көзбен көріп, қолмен ұстап алған ешкім жоқ. Бірақ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы Ермегияевтің сотталуы алдын ала жоспарланған іс деген болжам айтылса, Жамалиевті отбасылық даудың құрбаны дейтіндер бар. Өйткені, Ермегияев ісі туралы да мазмұны бірдей материалдарды отандық БАҚ беттерінен жиі байқадық.

Дей тұра, Нығматулин қызметін ауыстырса да ықпалынан айрылған жоқ дейтіндер де аз емес. Ал, бұл болжамдардың қаншалықты рас-өтірік екенін алдағы күзде білетін боламыз.

Әуес Мархабаев

Дерек көзі: sn.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

  1. тараз 24 Маусым, 2016 11:33 Жауап

    акка кудай жак деген шыксын жала жапкандар жазалансын бул киси жемкорларга уксамайды жазыксыз жаланын курбаны болган сиякты аман есен шыксын тилектеспиз

  2. магира 24 Маусым, 2016 16:01 Жауап

    Елі қызметіне мұқтаж Серіктей азаматтарды темір торға қамамай Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасалуын Елбасынан өтініп сұраймын.

  3. Назарбаев 24 Маусым, 2016 20:39 Жауап

    Серык Ахметов ага жазыксыз отыр каншама бале жапты журналисты жалдап отырык куагер болды серык аганын шет елдеде шоты болмаган казыр жер дауы кезынде ол адам ауадаи кажет елге

  4. Ертай 24 Маусым, 2016 20:51 Жауап

    Ахметов ағамыздың ақталып шығуына шын жүректен тілектеспін.Кінәлі екеніне де күмәнім бар,сотта нақты бұлттартпас айғақтар келтіре аллған жоқ деп есептейміз.Аман есен ортаға оралуына тілектеспіз!

  5. Асан 25 Маусым, 2016 15:33 Жауап

    С. Ахметов ісі кісіні еріксіз үмітсіздендіреді. Ол жемқор болса да- болмасолай. бәрібір солай.

  6. Асан 25 Маусым, 2016 15:35 Жауап

    С. Ахметов ісі кісіні еріксіз үмітсіздендіреді. Ол жемқор болса да- болмаса да бәрібір солай.

  7. Айтпану 31 Тамыз, 2016 18:07 Жауап

    СЕРИКА Ахметов оклеветали, подставили ,он честный человек! Это большая политика, как захотят так и накрутят! Очень много паразитов развелось среди верхушки! Подхолимы,лжецы!

Пікір немесе жауап жазу

15 + 4 =