Ақтөбе оқиғасына қатысы бар террористердің тізімінде қате кеткенін ІІМ мойындады

2575
11
Бөлісу:

017Ақтөбедегі қанды қырғынға қатысы бар террористердің тізімінен қате кеткенін Ішкі істер министрінің өзі мойындады. Қалмұхамбет Қасымов жақында содырлардың аты-жөнін қайта жариялаймыз деді.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Бас полицейдің айтуынша, министрлік таратқан ресми ақапартқа интернетте жүрген лаңкестердің тізімі сай келмейді екен. Қазір Ақтөбедегі қанды оқиғаны Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр. Қорытындысы шыққан соң содырлардың аты-жөні қайта жарияланбақ.

Өйткені, түсініксіз жағдайда террористердің тізіміне Байнасай ауылындағы мектептің 11-ші сынып оқушысы Сағынған Сейітқали де еніп кеткен. Ал, Ақтөбе қаласының тұрғыны Данияр Уайсов болса, өзін полицейлердің қолынан қаза болған лаңкестердің қатарынан көріп, талып қала жаздапты.

5-маусым күні бір топ қаскөй Ақтөбедегі қару сататын екі дүкенге және әскери бөлімге шабуыл жасаған. Содырлардың қолынан сегіз адам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18 лаңкестің көзі жойылды. Ал, тоғызы тірідей ұсталған болатын.

Дерек көзі: КТК

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

  1. Жарас 24 Маусым, 2016 14:32 Жауап

    ІІМ жағдайдың мән-жайын анықтап, жалған тізімді құраған алаяқты ұстап, тиісті жазасын береді деген ойдамын.

  2. Арман 24 Маусым, 2016 15:11 Жауап

    Алдағы уақытта ішкі істер министрі қылмыскерлер тізімін қайта қарап, осындай олқылық жібермес.

  3. Әлия 24 Маусым, 2016 16:28 Жауап

    Алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдай қайталанбас денен үміт бар. Жалпы осындай жан түршігерлік оқиға болмасыншы.

  4. Актобе 24 Маусым, 2016 20:54 Жауап

    Мына пикыр жазып отырган алтауында акымак екесындер малдар сауатсыз асылханан бастап ерсынге дейын .касымов мырза ертен олген 18 ланкеске катысы болмаи шыкса кайтесыз жазыксыз адамдар болса не айтасыз елге мумкын олардын фотосына карап атып тастаган шыгарсыз

  5. Тіпті атымды жазуға ұялып отырмын, қате кетіп қала ма деп. 25 Маусым, 2016 00:21 Жауап

    Япырмай, Ақтөбе дұрыс айтасың, сонда өлген лаңкестер шыныменде лаңкестер екенін немен дəлелдемек, мүмкін қатысы жоқ адамдар болуы да мүмкін ғой, жорамалмен атылуы мүмкін екен ғой, не болып кетті өзі, тіпті сауатсыз болғанда да мынадай дәрежеге дейін баруы, əй, бұл елдің болашағы қалай болып кетті, отыз ел түгілі, бүткіл елдің соңында ілесе алсақ болар еді.

  6. ҚараҒанды 25 Маусым, 2016 14:23 Жауап

    Осылай құр мойындап қана құтыла ма?не деген бассыздық!неге алдымен мұқият тексеріп алып брақ жарияламаған?ойыншық па сонда бүкіл елге террорист деп жариялап қоя салатын?масқара емес пе бұдан өткен сорақылық болар ма?

  7. Максат 25 Маусым, 2016 17:10 Жауап

    Осы тізімді алдында әдейі зиянкестер ойдан шығарып әлек болды ғой. Халық қайғырып жатса, ішіне тірі адамды қосып масқара жасаған.

Ерсін үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

он төрт + он алты =