Астанада кәсіпкер әйел жоғалып кетті

Астанада түнгі клубтан шыққан кәсіпкер әйел ұшты-күйлі жоғалып кетті. 6 күн өтсе де, Балдырған Сыбанбаевадан әлі хабар жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Астанада жоғалған кәсіпкер әйелді таксишілер ұрлап кетуі мүмкін

33 жастағы тұрғын сіңлісімен Астанадағы түнгі клубқа көңіл көтеруге барыпты. Бірақ, сіңлісі ертерек үйіне кетіп, әпкесі думандатуды жалғастыра берген. Тек таңға жақын клубтан шығып, тоқтаған таксиге отыра кетеді.

Белгісіз көлікке мінген бизнесмен ханым содан ұшты-күйлі жоғалған. Қазір полиция көшедегі камераларды түгел тексеріп, Балдырған Сыбанбаеваны іздестіріп жатыр.

"Бағыт-бағыттамалар барлық аймаққа жіберілген. Сонымен қатар жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Іздестіру ісі қозғалды", - дейді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

 Дерек көзі: КТК арнасы