АЛМАТЫДА ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫНЫҢ ЖАҢА КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

лайлааа Алматыдағы "Меломан" кітап дүкендері желісінде танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының "Менің екінші кітабым" атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға әнші Жанар Дұғалова, танымал тележүргізуші Дина Төлепберген, актер Тәуекел Мүсілім қатысты. лайла-1 "Ләйлә Сұлтанқызының бұл кітабын қолыма тиісімен аз ғана уақыттың ішінде оқып шықтым. Бұл кітап өзге қаламгерлердің туындысынан оқылуға жеңілдігмен де ерекшеленіп тұрады. Кітапты оқыған адам Ләйләнің өзімен бетпе-бет кездесіп әңгіме дүкен құрып отырғандай әсерде қалады", - деді Дина Төлепберген. Ал, Жанардың өзінің тыңдармандарымен қосыла шырқаған "Айта берсін" әні де кештің шырайын одан әрі кіргізе түсті. Кездесу барысында Ләйлә ханым қарапайым халықтың көкейінде жүрген сұрақтардың көпшілігіне жауап берді. Әсіресе мұнда жиналғандардың дені Ләйлә ханымның өзі жүргізетін "Әйел бақытының" сүйікті көрермендері екенін аңғару қиын емес. Әсіресе алыстан ат терлетіп келген ақ жаулықты аналарымыз өте көп екендігін көріп біз де қуанып қалдық. Алматы облысынан келген осындай ардақты аналарымыздың бірі тіпті Ләйләға деген өзінің ыстық лебізін білдіре отырып, алтын білезікті сыйға тартты. Ал, тележүргізуші болса өзінің мұндай сыйды күтпегендігін айтып таңырқап жатты. Әзірге 5 000 данамен жарық көрген аталмыш кітаптың қазірдің өзінде жартысынан астамы оқырманын тауып үлгеріпті. Өзінің осынау алғашқы туындысына 1 жылға жуық уақыт жұмсаған автор өз өміріндегі оқиғалардың басым бөлігінің қаз-қалпында берілгендігін атап өтті. Сондай-ақ, тек жолдасының өткен өміріне қатысты кейбір деректер ғана баспаға кетерден алдын қиылып тасталғанын да жасырмады. Әдемі тілекпен, әсем әнмен көмкерілген осынау керемет кездесу кезінде егіз бөбектің тұсауы кесілді. Ләйлә Сұлтанқызы Фатима Көркемқызының, ал Жанар Дұғалова Әмина Көркемқызының тұсауын кесіп, қадамдарына сәттілік тіледі. лайла-2 Жиында Ләйлә Сұлтанқызы: "Әйелдің бақыты әдемі сәттерден ғана тұрады. Өмір бойы бақытты болып жүретін жан жоқ жалғанда" деп өзінің бақыт турасындағы ойымен де бөлісті. лайла-3 Жаздың жаймашуақ осынау күнінде өздерінің сүйікті тележүргізушілерімен жүздесіп, қолтаңба алған жұртың жүзі жайдары де еді.  

Гүлмира БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

qazaquni.kz