Күле жүрейік...

смайлик Әзіл-шыны аралас Анасы түрмеде отырған баласына былай хат жазыпты: «Балам, сен кеткелi үй шаруашылығына жалғыз өзiм үлгермей жүрмiн, картоп егейін деп едім, бау-бақша да қопсытылмады, оны қазатын сен жоқсың» деп хат жазып жiберiптi. Хатты оқыған баласы анасына: «Мама, бау-бақшаны қазба, ол жерге мен ұрлаған алтындарымды тығып қойғанмын, егер милиция бiлсе, сенi де түрмеге қамайды» деп жазыпты. Баласының хатын алған анасы оған қайтадан: «Балам, сенiң хатың келместен бір апта бұрын милиция кызметкерлерi келіп, бір апта бойы бау-бақшаның барлық жерін түгел қазып, қопсытып шықты, сосын ашуланып кетiп қалды». Баласы болса: «Анашым, мен қолымнан келгенiн iстедiм, ендi картошкамен айналыса бер» деп хат жазып жіберіпті. *** «Абай» көшесінде бір адам өліп қалыпты. Оны бір тұтықпа сақау жігіт көріп полицияға хабарлапты. – А-а-а-а-ло, а-а-а-а-а-дам ө-ө-ө-ө-ө-ө-ліп қ-а-а-а-а-лыпты! – депті. Полиция: – Қай көшеде, көшесін айт?! – депті. Сақау: - «А-а-а-а-а-а-а-а-б-б-б-б».., – десе, полиция: – «Абылайханда» ма?! – депті. Ол: – Жоқ. «А-а-а-а-а-а-б-б-б-б-б»... Полиция дұрыс түсіне алмай: – Неге ойнап тұрсыңдар?! – деп телефонды лақтырып тастапты. Сақау қайта қоңырау шалып: – А-а-а-а-дам ө-ө-ө-ө-ліп қал-ы-ы-ы-пты, – десе, полиция: – Көшесін айтшы?! – деп айқайлапты. Сақау тағы: – «А-а-а-а-а-а-б-б-б-б-б-б»..., – депті. Полиция: – «Абылайханда» ма, әлде ойнап тұрған біреусің ба? – деп жынданып, телефонды тағы лақтырып тастапты. Солай екі-үш рет қайталаныпты. Бір сағаттан кейін сақау тағы телефон соғып: – А-а-а-а-а-дам өліп қалды, – десе, полиция: – «Абылайхан» көшесінде ме?! – деп айқайлапты. Сонда сақау: – Иә, а-а-а-а-а-йтып тұ-ұ-ұ-ұрған кө-ө-ө-өшеге сүйреп әкеліп қойдым! - деген екен .