Жетпегені осы еді! Қазақстан қытайлықтардың кедергісіз келуіне жағдай жасайды

017Қазақстан мен Қытай арасындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында біздің ел қытайлықтардың кедергісіз келуіне жағдай жасайтын болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов есептік жиында мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, мұндай жеңілдіктер тек топ болып саяхатқа келетіндерге ғана қарастырылмақ. Қазіргі таңда Қытай елшілігімен кеңестер жүргізіліп, оның нәтижесінде топпен келетін азаматтарға виза беруді жеңілдету ісі қолға алынатын болады.

"Қызметтік негіздегі визалармен шектеліп қалу - шынайылық емес. Біз керісінше, қытайлықтармен іскер азаматтарға виза беруді жеңілдету мәселесін қарастырып жатырмыз. Топ болып келушілердің виза алу ісін жеңілдетумен қатар тағы арнайы келісімге қол қойып отырмыз. Ол Қытаймен ірі 52 жобаны жүзеге асыру мақсатында қолға алынған", - дейді Сыртқы істер министрі.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай елшісі елшілікте жұмыс істейтін қызметкерлердің жақын туыстарына виза беруді жеңілдету бастамасын көтерген болатын.

Дерек көзі: sn.kz