Танымал продюсер ауруханадан шығарылды

10634

07Танымал продюсер Баян Есентаева ауруханадан шығарылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Науқас Баян Есентаева ауруханадан шығарылды. Ендігі емін үй жағдайында қабылдайды. Жағдайы қанағаттанарлық», – деп хабарлады аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі – Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.


Дерек көзі: tengrinews.kz