ОҚО-дағы шегірткенің жойылмай жатуына ІІ Николай патша кінәлі – бас агроном (фото)

Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары үшін биылғы жыл шығынға толы болғалы тұр. Себебі қарша борап, ұшып келген шегіртке өсімдіктердің дымын қалдырмай, қырып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-ның бас агрономы аймақта шегірткенің қаптап кетуіне ІІ Николай патшаны кінәлады

Ал облыстың бас агрономы, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков шегірткенің қаптап кетуіне кінәлілерді іздеп әлек. Журналистерге берген брифингте басқарма басшысы бұл жағдайға ІІ Николай патша кінәлі деп тілшілерді есеңгіретіп жіберді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы, Шардара аудандары мен Арыс қаласының диқандары алдағы егін науқанынан пайдаға кенелмек түгілі, шығынға батқанын айтып дабыл қағып отыр. Тіпті олар зиянкестермен күресу жүргізіліп жатыр деп жарияға жар салған шенеуніктердің сөзіне күмәнмен қарап, өз беттерінше шегірткемен күресуге көшкен.

ОҚО-ның бас агрономы аймақта шегірткенің қаптап кетуіне ІІ Николай патшаны кінәлады

Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округінің тұрғыны Есімхан Төлегенов егіс алқабын шегіртке қаптағанына он күн болғанын айтты. Шегірткенің алғашқы легі алқапқа келе бастағанда жергілікті шаруалар биліктен көмек сұраған. Тек жауаптылар екі күн өткен соң барып егіске келіп, дәрі сеуіп кеткен. Алайда шаруа олардың сепкен дәрісі шегірткені жоймақ түгілі, тіптен көбейтіп жіберді дейді.

ОҚО-ның бас агрономы аймақта шегірткенің қаптап кетуіне ІІ Николай патшаны кінәлады

«Он жылдан асты менің егін шаруашылығымен айналысып келе жатқаныма. Қарбыздан пайда көптеп түседі деген соң соны ектім. Төрт гектар жерге миллион теңге шығын кетті. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандай қарбыздың пәлегінен бастап шегірткелер жұлып тастап жатыр. Резеңке дөңгелек жақса, шегіртке кетеді екен дегенді естіп, оны да жасадық. Түк нәтиже жоқ. Білмеймін, екі-үш күнде шегірткеден құтылмасақ, егісті тастап кетеміз енді. Басқа шара жоқ», – деген шаруа көршілері әкімдікке дабыл қағып көмек сұрғанында ондағылар: «Жекеменшік жерлерге дәрі себілмейді» деп үміттерін су сепкендей басып жіберіпті.

Ал биліктегілер болса, барлығын қатырып жатырмыз деп ақталумен әлек.

ОҚО-ның бас агрономы аймақта шегірткенің қаптап кетуіне ІІ Николай патшаны кінәлады

Облыстың бас агрономы Серік Тұрбеков тілшілерге берген брифингте біз өзімізге тиесілі жұмыстарды атқардық деп айтып қалды. Ал аса қауіпті топқа жататын марокколық шегірткені жою Ауыл шаруашылық министрлігіндегілердің мойнында екен. Бүгінде егістікті жалмап жатқан зиянкестер сол топқа жатады. Тағы бір қызығы, басқарма басшысы тілшілердің «бұл оқиғаның орын алуына кім кінәлі?» деген сауалына жүз бес жыл бұрынғы тарихты айтып, тілшілердің тарихи сауатын ашпақ болды.

ОҚО-ның бас агрономы аймақта шегірткенің қаптап кетуіне ІІ Николай патшаны кінәлады

«1911 жылы шегірткеге қарсы арнайы отряд құрылды. Ол патша кезі болатын. Егер осы күнге дейін шегіртке жойылмаса, демек ІІ Николай кінәлі де…» деп жауап берді Тұрбеков.

Ол аз дегендей, басқарма басшысы өз сөзінде облыс әкімі Атамқұлов пен ауыл шаруашылық саласына жауапты орынбасары Тұяқбаевты шегіртке жайпап салған егіс алқабына барып, өз көздерімен көрді деп бір көсілсе, кейіннен нақты қай ауданға барғанын айта алмай, «мен өзіме ғана жауап беремін» деп жауаптан жалтарғысы келді.

ОҚО-ның бас агрономы аймақта шегірткенің қаптап кетуіне ІІ Николай патшаны кінәлады

Басшының айтуынша, диқандарды даурығатын жайы жөнсіз. Өткені зиянкестер жақын арада жойылып, 15 күнде тағы да өнім алуға болады. Бар болғаны, егілген егістікті жақсылап суғарып жіберу керек.

 Дерек көзі: Nur.kz
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Есенғали, Антакиядан 17 Маусым, 2016 17:23 Жауап

    «Егер осы күнге дейін шегіртке жойылмаса, демек ІІ Николай кінәлі де …» деп жауап берді Тұрбеков.
    **********************************************************************************
    Иван Грозный кінәлі деуің керек еді, ХХ ғасырдың басында тұрып қалған Тұрбеков «мырза» !
    :kulki1: :zhlau: :kulki:

  2. Барыс 18 Маусым, 2016 16:22 Жауап

    Осындай акмак акимдердин кобейуине Назарбаев кинали. 25 жылдык билигинин оними. :zhlau:

Пікір немесе жауап жазу