Жер туралы мораторий бар болғаны алты-ақ айға тоқтатылды… Бұл, жер шетелге біржолата берілмейді деген сөз емес

1439
12
Бөлісу:

016Соңғы уақытта «Мәжіліс жерді жекеге сатуға, шетелге арендаға беруге тыйым салатын заң жобасын қарауына алды» деген хабар ақпарат алаңын шарлап кетті. Бүгін «Мәжіліс шетелге жерді жалға беруді, жекеменшікке сатуды тоқтататын заңды мақұлдады» деп, бірнеше ақпарат құралы (қазақ, орыс тілдерінде) елден сүйінші сұрап жатыр. Жақсы хабарды қызғанғандай болды дер кей әріптестер. Алайда, ақиқаты қымбат. Ешқандай да шетелге жер беруді тоқтататын заң мақұлданбады. Бұл – 6 мамыр күні Президент жариялаған мораторийді құқықтық тұрғыда қуаттауға арналған заң жобасы.

Президент нормаларын тоқтата тұру туралы мораторий жариялаған құжат басқа емес – заң. Яғни, Үкімет басшысының не облыс әкімінің әлдебір қаулысы емес, заң шығарушы орган, парламенттің қос палатасы бірігіп мақұлдаған заң. Заң болғанда да кодекс. Жер кодексі. Демек, президент қолданысқа енуіне уақытша шектеу қойған ондағы кей талаптар сол парламенттің қарауымен тағы бір қуатталуы, мораторий енгізу туралы президент Жарлығы заңмен рәсімделуі керек болған. Алайда, бұл, жер шетелге берілмейтін болды деген талап біржола қабылданды дегенді білдірмейді. Президенттікі мораторий туралы Жарлық болса, бұл – мораторий туралы Заң. Болды.

Бір сөзбен айтқанда, Мәжіліс мақұлдады деген заң да «Жер кодексінің» даулы нормаларын тек жыл аяғына дейін тоқтата тұрады. Мұны заң қабылдаған депутаттар да, осы ауылшаруашылығы мен жер қатынастарына жауапты министр Асқар Мырзахметов те айтып отыр.

«Барлығымыз білетіндей, жер қатынастары саласында шыққан мәселелерге байланысты Президенттің 2016 жылдың 6 мамырындағы жарлығы бойынша жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий енгізілген болатын. Нақтылап айтқанда, бұл ҚР 2015 жылдың 2 қарашасындағы «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының нормаларын жүзеге асыру; Екінші мәселе, шетелдіктерге ұсыну, азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар жарғылық капиталында 50 пайыздан аса үлесі шетелдіктердің меншігіндегі заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылық жер учаскелерін жалға алу шартымен ұсынуға. Үшіншісі, мемлекеттің меншігіндегі ауылшаруашылығындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығына беру туралы норма», – дейді вице-премьер – ауыл шаруашылығының министрі Асқар Мырзахметов.

Олай болса, құқықтық құйтырқылыққа өзіміздің бой алдырғанымыз қалай? Миллиондаған қазақтың қабырғасын қайыстырып отырған күрделі мәселеде жеңілтектік танытуға, аста-төк ақпаратқа ат-үсті қарауға бола ма? Билік органдарының бюрократиялық процедураларына бола Алаштан сүйінші сұрайтындай не көрінді? «Жер сатылмайтын болды. шетелге арендаға тыйым салынды» деп кімді алдаймыз?

«Қамшы»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 12 пікір жазылған

  1. Аслан 16 Маусым, 2016 14:38 Жауап

    Енді жаңа жылға дейін мәселені жан-жақсы қарастырып, таразылап, оң шешім қабылдайды деген сенімдемін.

  2. Мирас 16 Маусым, 2016 14:40 Жауап

    Сүйінші сұрауға әлі ерте, барлығы уақытымен болады деген сенімдемін. Ал әзірше комиссия жұмысын бақылайық.

  3. Ораз 16 Маусым, 2016 15:29 Жауап

    Оз басым сенбеймин . Акшага куныккан биликтегилер кайтседе халыкты алдап кетеди .Актобедеги жагдай халыктын книлин бру .Кытайдан каншама миллиард Алды .Енди акшаны кайтару керек, акша жок , шетелдеги шоттарына кетти . Енди кытайга казактын жерин береди. Оларда баска амал жок .Сталингана байлыкка кызыкпаган .Калган президенттердин бари уры, саткын» Янукович » сиякты .

  4. Дамира 16 Маусым, 2016 15:59 Жауап

    Жер тақырыбына қатты алаңдауды доғару керек деп есептеймін, өйткені мемлекет халқына еш жамандық ойламайды, жерін өзгеге беріп қойып қарап отырмайды да.

  5. Жамал 16 Маусым, 2016 16:00 Жауап

    Ораз, айтқаныңмен келіспеймін. Сенбеймін, келіспеймін деген күннің өзінде де шешім шығарылады, ол халық пайдасына шешілетіні анық қой. Сондықтан айтақтай бергенді, байбалам сала бергенді қою керек.

  6. Адам 16 Маусым, 2016 17:37 Жауап

    «…өйткені мемлекет халқына еш жамандық ойламайды» – күлкімді кетірменізші.
    21 мамыр -да мемлекеттін халқына деген махабатын көрдік. Істерімен көрсетті, сөздін қажеті жоқ

  7. Қадағалаушы 17 Маусым, 2016 10:04 Жауап

    Біздің мемлекет халықты ойлайды дегенді қою керек.Халықты ойласа, жердің асты-үстін сатпас еді.Өз халқын қырмас еді.Бүгінгі отырғандар ертең халық көтерілсе, бір күнде шетел асып кетеді.Ертең мына біздер мен сіздер бүгінгі алаяқ мемлекеттің алған қарызын төлейміз.Таудағы Бадахшан секілді Қытай бір күнде әскерін кіргізіп, басып алады..Сонда көрермін Үкіметтің жарылқайтынын.

  8. Бақытбек 18 Маусым, 2016 18:12 Жауап

    Ағайын, біреуміз сеніп, біреуміз сенбей күдіктеніп, жорамал құрып жылдың аяғын тоспай,әрқайсымыз аз ғана белсенділік танытып, осы өзгерістер туралы пікірлерімізді билікке көбірек жеткізу жағын қарастырған жөн шығар.Жер туралы комиссияның пікір жинайтын ресми телефон номері 1434.Одан басқа әр ауданда,қалаларда қоғамдық кеңестер бар,әкімдерге, үкімет басшылығына ресми түрде жазбаша пікір ұсынысыңызды білдіру ешқандай заңға қайшылық емес, конституциялық құқығыңыз.Негізгі екі мәселе: жерді меншікке сатуға және шет елдіктерге жалға беруге нақты қарсы болсаңыз пікіріңізді білдіріп, аты жөніңізді дұрыс жазып, қолыңызды қойып осы газеттердің редакциясына жолдасаңыз да болады. Аты жөніні айтып ашық түрде пікір білдірер кезде жасқаншақтап, бұқпалай беру әдетімізден айрылу керек, уақыт тоспайды.

Пікір немесе жауап жазу

2 × 1 =