Мырзахметов Премьер-Министрінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметін қатар атқарады

01Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Асқар Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«А.И. Мырзахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.

 Қазақстан Республикасының                                               Н.Назарбаев

             Президенті

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 маусым

                    № 278