Баян Есентаеваны өлімнен қызы құтқарып қалған

Бөлісу:

011Қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны өлімнен оның қызы Айсәуле аман алып қалған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Талғар аудандық сотында Есентаева мен оның күйеуінің арасында болған жағдайдың жай-жапсары айтылды.

Іс материалдарына қарағанда, Бақытбек Есентаев туысымен бірге өзінің әйелі Баян Есентаеваны әуежайдан күтіп алып, Алматы облысына жолға шыққан, «Алматы-Көкпек-Көктал» күре жолында олардың арасында қызғаныштан жанжал пайда болған, кейін ол әйеліне үш жерінен пышақ салған. Жанжал орнына Баянның қызы Айсәуле келіп қалған, сөйтіп, ол әкесін тоқтатып, анасын өлімнен арашалап алған. Сотта күдікті Бақытбек Есентаевтың пышақты қасақана алып шыққаны белгілі болды. Айта кетейік, ол істе уақытша жұмыссыз ретінде көрсетілген.

Айта кетейік, күдіктінің адвокаты Ермұрат Мұқанов пен Бекболат Жансейітов. Прокурор болса Ержан Сағымбеков, істі судья Ілияс Мұхадиұлы қарап жатыр. Іс қазақ тілінде ашық тәртіпте өтіп жатыр.

Талғар ауданында ұсталған Бақытбек Есентаевқа «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша айып тағылды. Ол екі айға қамауға алынды.


Дерек көзі: tengrinews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 10 пікір жазылған

  1. Есенғали, Антакиядан 13 Маусым, 2016 16:09 Жауап

    «Іс қазақ тілінде ашық тәртіпте өтіп жатыр».
    *************************************************************
    Істің қазақ тілінде өтіп жатқаны – Қазақстан үшін үллкккееееннннн жетіскендік екен, ҚҰТТЫ БОЛСЫН !
    :kulki1: :zhlau: :kulki:

  2. Абеке 13 Маусым, 2016 16:58 Жауап

    Айел базаршы еркек казаншы заманнын акырына жакын калган заман болды Айели уйинде баласын тарбиелеп еринин тилеуин тилеп отырса бундай жагдай болмас еди Акылды айел болса ерин осындай жагдайга жеткизбеген болар еди Соттын жагдайына келсек шетелде казакша сот исин жургизип жаткан жок шыгар Соны да ангиме дейсиндер ме

  3. Сенбек Сансызбайұлы 14 Маусым, 2016 09:53 Жауап

    Баян деген кім ол, әр қадамын халық білуі шарт па? Әлде көсем бе?! Санасы төмен шала қазақ әйелдерінің бірі емес пе?!

  4. кумис 14 Маусым, 2016 10:24 Жауап

    Оте аянышты жагдай,сумдыккой бул солай жасауга болама екен?айелине кол жумсаган алсиз еркек екен,мыкты болса отбасына ие болмай нестеп отыр.куйеуине жаным ашиды,кызганшактык -ауру гой. :oilanu:

  5. аноним 14 Маусым, 2016 11:07 Жауап

    Әрине, ерлі -зайыптылардың арасындағы бұл жанжал бұрыннан болған ғой. Өкініштісі, осы жағдайға жеткізбей баяғыда мәдениетті түрде шешімін шығару керек еді,

  6. Сәния 14 Маусым, 2016 14:06 Жауап

    Байының түрінен дүние төрі, жабайылығы көрініп тұр. қайран, Баян. Өте әдемі, талантты қыз ол. Әттең бағалай алмаған біреуге тигені өкінішті.Байын бірнеше жылға соттау керек.

  7. Акмарал 15 Маусым, 2016 09:39 Жауап

    Оздериннин бастарына келмеген сон акыл гойсимендер!Озиннин немесе кызыннын басына осындай жагдай келсе корер едим калай сайрайтындарынды!

Пікір немесе жауап жазу

5 × бір =