Ақтөбе оқиғасы: Лаңкестердің қалғаны оңайлықпен берілгісі келмейді - ҰҚК

Ақтөбедегі арнайы операция жалғасып жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты хабарлайды.

10 маусым күні Ақтөбедегі терроршылар берілмейтінін айтып, оқ атты 
10 маусым күні Ақтөбе облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері лаңкестерді ұстау операциясын жүргізді. "Берілу туралы ұсыныспен келіспеген терроршылар қарумен қарсылық танытты. Операция жалғасуда, оның нәтижесі жарияланатын болады", - делінген ҰҚК мәлімдемесінде. Еске сала кетейік, 5 маусым күні Ақтөбенің үш жерінде атыс болып, 19 адам қаза тапты. Оның төртеуі бейбіт тұрғын болса, үшеуі - әскерилер. Дерек көзі: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің