Танымал саясаткер ресейлік әлеуметтік желілерге тосқауыл қоюды ұсынды

Бөлісу:

014Қазақстан стратегиялық зерттеулер институның директоры Ерлан Қарин елімізде ВКонтакте әлеуметтік желісін мүлдем бұғаттап тастауды ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, аталған ресейлік желіден келетін қауіп басым.

“Соңғы оқиғалар кезіндегі жағдайларда, Фейсбук емес, ең алдымен ВКонтакте желісін я тежеу, я мүлдем тоқтату керек. Негізі барлық жөнсіз, мәнсіз және қауіпті бәлекеттің бәрі сонда” дейді Е.Қарин. Оның пікірін белгілі саясаттанушы Айдос Сарым да қолдап отыр. Ол барлық бәле-жала мен сепаратизмді осы ВКонтакте желісінен табуға болатынын жазды.

Айта кетейік, кешегі Ақтөбеде орын алған террорлық актілерден кейін құқық қорғаушылар өлтірілген және ұсталған лаңкестердің әлеуметтік желідегі парақшаларын ақтарып көрді. Барлығы дерлік ВКонтакте желісіне тіркеліп, Интернеттегі діни топтардың мүшесі болған.

Жалпы, аталған желіде тек радикалды діни ағымдар ғана емес, порнографиялық мазмұндағы, жастарды суицидке шақыратын контент жетіп артылады. Біздің құзырлы орган өкілдері ВКонтакте желісін толықтай емес, тек ішіндегі жекелеген топтарды ғана бұғаттаудан ары аса алмауда.

Дерек көзі: sn.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. ақиқат 10 Маусым, 2016 00:44 Жауап

    к…т жалағыштар түр-түрі мен шығуда. шын азаматтық ойын айта алмайтын сорлылар.

  2. Есенғали, Антакиядан 10 Маусым, 2016 08:23 Жауап

    Мордиясына қарасаң, тау қопарып тастағандай болып отыр ғой ? !
    :kulki1: :zhlau: :kulki:

  3. Арман 10 Маусым, 2016 10:10 Жауап

    Менің ойымша, елімізде әлеуметтік желілерге тіркелуге 18 жасқа толған жеткіншектерге ғана рұқсат берген жөн.

  4. Алия 10 Маусым, 2016 10:15 Жауап

    Әлеуметтік желілерді шектеудің зиянынан пайдасы әлдеқайда көп болатын анық. Себебі, әлеуметтік желілер ұлттық, әлеуметтік алауыздық, елде тұрақсыздық туғызуды көздейтін зиянды ақпараттарды қоғамға тастау үшін жиі пайдаланылады.

  5. ҚазақиЯ 10 Маусым, 2016 19:37 Жауап

    Ерлан мырза, «ысқырығың жер жарып» тұрғанда, от басы ошақ қасымен айналыспай, алдымен ақпараттық-құлдықтан,сол ресейлік арандатушы телеарналарының бұғауынан босанып алмайсың ба. Неге соншалықты майдаланып кеткенсіңдер…

  6. Бахытжан 12 Маусым, 2016 16:05 Жауап

    Желіде несі бар Оны іздеген адам ақтарады Одан көрі іздемеи ақ бізге таңылған ресеилік ақпарат құралдарын СМИ жоиып-бұғаттау керек!

  7. әзімбай пенде 13 Маусым, 2016 11:42 Жауап

    Айдос Сарым ең білімді жігіттердің бірі деймін, бірақ ол Жаңа Өзендегі оқиғаны биліктің айтқанындай сипаттаған.Мені де Жаңа Өзендегі оқиғаны даттауды сұрады-мен бас тартттым.Енді жақсы жігіт биліктің көңілін қалтырмай әлеуметтік желілерді шектеуді да қолдапты.Адан да Бақытжан айтқандай Ресейдің жалаң Теле насихатын тоқтату керек.Егерде желілерді жаба берсе біз жабық мемлекеттер тізіміне кіреміз.Бұл шешімдер Нурекеңе зауал болып оның абыройын Батыс алдында төгеді.

Пікір немесе жауап жазу

4 + 2 =