Жерді үй салам деушілерге жүз тенгеге үлестірмесек, қазақ көктемі қайта келетініне кепіл берем - Әзімбай Ғали

Kazak-tiliҚазақтың даму векторын бұзып, қазақты адастырып келеміз. Қазақшыл деген қазағың мемлекеттік тілді қорғамайды. Қазақты керітартпа күшке айналдырып қазақты нарықтық принциптерге қарсы қойдық-жер сатылмайды деп, фермерлерге жер жеке меншікке берілмейді, ол жерді кепілдікке қойып кредит ала алмайды демекпіз. Ал қазіргі замандағы латифундизммен күресетін түріміз жоқ. Азиялық өндіріс түрі деген осы-азиатский способ производства латифундиялар мен мемлекеттік жер меншігіне негізделеді. Ол саяси жүйе экономиканың тынысын аштырмайды. Оның үстіне жерсіздер қала түбіне келмек, оларға да жер бермесең саяси жүйе дағдарыстың алдына жақындайды. Сонымен феодализм алдымызға айналып қайтадан келді- оны тірілткен мемлекеттік жер меншігі.

Бізде мемлекеттік олигархиялық капитализм. Солай болса да дамуға ресурс бар және тарихи уақыт пен дамуға шанс бар. Сонымен латифундияларды конфискациялап жерді кедей фермерлер мен үй салам деушілерге жүз тенгеге үлестірмесек, қазақ көктемі қайтадан қайтып келетініне кепіл берем.

Маңызды мәселе- қазақ мәселесі. Мемлекеттік тілді атқарушы биліккке, заң шығарушы және жергілікті маслихаттарға, сот билігіне еңгізбесек ісіміз алға баспайды. Халық қазіргі билікті пост отаршылдық әкімшілік деп бағалайды-өз билігім демейді, сенім артпайды. Себебі қазақ тілі іс жүзінде мемлекеттік тіл болған жоқ. Қазақ ұтшылдық өктемдікті аңсамайды, бірақ мемлекеттік тіл басымгерлігін талап етеді.

Әзімбай Ғали

qazaquni.kz