Ақтөбе оқиғасы: Қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқандар (фото)

1957

Суретте Ақтөбеде лаңкестердің қолынан қаза болған офицер Даниель Майлыбаевтың ұлы.

Өлең ақтөбелік ақын Индира Керейдікі

Бір-ақ сəтте лайланып сала берді-ау тұнығың;
Бір-ақ күнде қатайып кетті сенің жұлының;
Көз алдымда бұлдырап өтіп барады өмірің…
Не деп сені жұбатам?!
Не айтайын, құлыным…

Асқар таудың бір сəтте шөгетінін кім білген…
Бір-ақ сəтте қайғы-мұң төнетінін кім білген…
Бір-ақ күннің ішінде сəби көңіл шатынап
Өлетінін кім білген…

Ашық күнде көгіңнен қайғы жауып, құлады ар,
Жыламашы демеймін…
Жыла, ботам, жылап ал…
Енді сенің маңдайың – өмір жазған бір дастан
Ауыр оның сұрағы əр…

Кеше ғана бала едің, қайғы-мұңнан басқа əні,
Тағдыр осы…
Бір күнде-ақ сені есейтіп тастады…
Сенің əкең – хас батыр!
Жоқтап шықты түнімен
Ақтөбенің аспаны…

Өр əкенің ұлысың!
Жігеріңді жанығын!
Жетеді оған намысың, ерік-жігер, танымың!
… не деп енді жұбатам, не деп енді алдайын?
Маңдайыңнан сипайын, жыламашы, жарығым…

Майлыбаев Даниель Ақарысұлы, ҰҚК қарсыбарлау әскери Департаментінің қызметкері, майор. 1975 жылы 16 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаңақорған ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ҰҚК-нің Алматы қаласындағы әскери иниститутына қабылданып оны 1999 жылы бітірген. Содан кейін Петропавлск қаласында Ішкі әскер жоғары әскери учелищесінде және Астанадағы ІІМ-нің Ішкі әскер Комитетінде қызметте болды. 2005 жылы қызметін жалғастыру үшін ҰҚК-ге ауысты.  2005-2014 жылдары Алматы және Павлодар қалаларында ҰҚК-нің қарсыбарлау әскери бөлімшелерінде қызмет етті. Ақтөбеге 2014 жылы қызмет бабымен келді. Соңында жары және төрт баласы қалды.

Қалиев Берікжан Ерланұлы, 1978 жылы 19 қаңтарда туған. Кіші сержант. Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылының тумасы. Артында жары – Нұрсұлу, екі ұлі екі қызы қалды. Төрт баланың кішісі Гүлдана 4 жаста.

Сапар Досбол Еркінбекұлы, 1997 жылы 25 қазанда дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Көксу ауылдық округі, Айдаркөл елді мекенінің тумасы. 2016 жылы 16 желтоқсанда әскер қатарына алынған. Солдат.  Артында әкесі Еркінбек, анасы Жұлдызай және інісі мен қарындасы қалды.

Максименко Андрей Владимирович, 1972 ж.т.

Онищенко Николай Александрович, 1947 ж.т.

Тәжібаев Мерхан Есенбайұлы, 1983 ж.т.

Матросов Михаил Витальевич, 1981 ж.т.

Марқұмдардың артында қалған әке-шеше, туған бауырлары мен отбасына қайғырып көңіл айтамыз.

qazaquni.kz