«Ақ жол» партиясының Ақтөбедегі оқиғаға қатысты мәлімдемесі

ақтөбе
Құрметті қазақстандықтар! Өздеріңізге мәлім, кеше Ақтөбе қаласында жан түршігерлік лаңкестік шабуыл болып өтті. Жазықсыз адамдар опат болды. азат Еліміздің миллиондаған азаматтары бұл оқиғаларға алаңдаушылық танытып, қайғыны бөлісіп отыр. Шабуыл жасағандар жұртшылықты қорқытуға, азаматтардың өз мемлекетіне деген сенімін бұзу мақсатын  алдына қойғаны түсінікті. Бірақ, құқық қорғау органдары және нақты офицерлер мен әскерлердің ержүрек қимылдарының арқасында терроршылардың жоспарлары жүзеге аспады. Осыған байланысты Қазақстанның  «Ақ жол»  демократиялық партиясының Президиумы келесіні мәлімдейді: 1.Біз терроршылдардың қолынан қаза тапқан отандастарымыздың жанұялары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз; 2. «Ақ жол» партиясы  болған лаңкестік шабуылға өзінің наразылығын білдіреді және оны ұйымдастырушыларды батыл түрде айыптайды; 3.Қасиетті Рамазан және Ораза айының қарсаңында жасалған қанды қырғынды ұйымдастырушылардың шын діни сенімге: ислам болсын немесе кез келген басқа дін болсын ешқандай қатысы жоқ екенін көрсетеді; 4.Біз құқық қорғау органдарын конституциялық тәртіпті қолдауды және біздің азаматтарымыздың құқықтарын кез келген жерде  қорғауды қамтамасыз етуге шақырамыз; 5.Біз барлық қазақстандықтарды Ақтөбе өңірінің тұрғындарына ынтымақтастық білдіріп, біздің тәуелсіздігімізді байсалды да, сенімді түрде қолдауға шақырамыз. qazaquni.kz