Е.Қарин: Радикалдарды анықтап, көзін жою бір басқа да, олардың орнына басқа адамдардың келуіне тосқауыл болу бір басқа

Бөлісу:

014Қазақстан стратегиялық зерттеулер институының директоры Ерлан Қарин Ақтөбеде содырлардың күш құрылымдары мен биліктің жұмысын тоқтатып тастауы мүмкін болғанын айтты. Алайда сарапшының айтуынша, күш құрылымдары бұл жағдайдың алдын ала білді.

«Қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге жасалған шабуылдың мақсаты қару-жарақты алу болғаны белгілі. Олар осыған дейін де, бүгін де (5 маусым, 2016 жыл) қару-жараққа қол жеткізе алмады. Енді олар сол автоматтарды қолға түсірсе не боларын ойлай беріңіздер», – деп жазды Қарин Facebook желісіндегі парақшасында.

Қарин 2015 жылдың қарашасынан бері колонияларға барып, түрлі себептермен Сирияда болған, сонда соғысып, Қазақстанда немесе үшінші территорияда ұсталып, сотталған адамдармен әңгімелесіп жүргенін айтты. «Олардың ішінде адамдардың тағдыры әрқандай. Нақты мақсаттармен және жоспарлармен қайтқандар бар. Солардың бірі Сириядағы мина-жарылыс ісі бойынша үш айлық курстан өтіп келген. Шектесетін мемлекеттің аймағынан келген. Өзінің туған қаласына оралған. Пәтер жалдаған. Аса сақ әрі дайындықпен келген, күн сайын телефон номерін ауыстырған, қаланың түрлі дәріханасына барып, миллиграммдап заттар сатып алған. Ірі теракт ұйымдастыруды жоспарлап, топ жинаған. Алайда оны арнайы қызметтер анықтап, ауыздықтады. Кейін ол аса сақ болса да, сауда орталығында ұсталған кезінде қатты таңғалғанын айтты. Қазіргі уақытта ерекше режимдегі колонияда мерзімін өтеп жатыр. Мұндай жағдайлар көп. Міне, терроризммен күрес болып жатса да, осындай процесстер жүріп жатыр. Мұндай күрестердегі жетістіктер жайлы сіздерге ешкім хабарламайды. Бұл ереже. Тіпті бүгін Ақтөбеде күш құрылымдары күрделі жағдайдың алдын алды деп сенемін», – деді ол.

Қарин 2013 жылы терроризм бабы бойынша барлық қылмыстық істі сараптағанын айтты. Радикалдардың басты нысаны құқық қорғау органдары деген қалыптасып қалған пікірге қарамастан, радикалдардың қолынан бейбіт тұрғындар жиі қаза тапқан. Күш құрылымдарының өкілдері арнайы операциялар кезінде және қылмыскерлерді ұстаудың басқа да шаралары кезінде көбірек қаза тапқан. «Көпшілік топтар күш құрылымдарының назарына іліккеннен кейін шешімді ойда жоқта жасаған. Яғни көптеген топтар белсенді фазаға өтпей тұрып жойылған. Сондықтан біз бұл қатермен бетпе-бет келмедік, ол жайлы мәліметіміз аз болды. Осы адамдардың арқасында. Бірақ радикалдарды анықтап, көзін жою бір басқа да, олардың орнына басқа адамдардың келуіне тосқауыл болу бір басқа. Міне бұл басқа мәселе және басқа міндет», – деді ол.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің «Паллада» қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды.

Дерек көзі:  tengrinews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Таңбай 6 Маусым, 2016 17:17 Жауап

    Ау, қайдағы экстремистер айтып отырғандарың? Осыдан 6 жыл бұрын «зікірші-экстремистерді» құртқан жоқ па едіңдер, енді не боқтарыңды езіп отырсыңдар?! Ал Ақтөбеде лаң салып жүргендер ешқандай да экстремистер емес, олар бар болғаны бүгінгі Биліктің ерке-тотайлары ғана! Себебі кезінде куә болдық: әлгі «зікіршілерге» 2011 жылдың 19 қазаны күнгі «сотта»: «вахабит-салафит» сияқты «иттер» қаптап кетті» деген сөздер айтқансыңдар, сөйтіп вахабиттердің ар-намысын қорллағансыңдар!» деп «айып» таққан! Биыл «сәлаф-серкелердің» бірін жепутат қылдық! Ол енді БАҚ құралдары арқылы өз «дінін» ақтап әуре… Басқа да «еркелер» мен «серкелердің» қандай дәрежеде шылқып, шалқып жүргендерін менсіз-ақ білесіңдер ғой. Ал кешегі ақтөбелік лаңкестерге тіл тигізе бермеңдер, сотталып кетулерің мүмкін!

Пікір немесе жауап жазу

он екі − бір =