Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жүргізді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокуротура мен әскери басшылықта және Президент әкімшілігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жүргізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жүргізді

Сонымен мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Нұрмаханбет Молдалыұлы Исаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен;

Талғат Мамыртайұлы Қойбақов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне;

Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Марат Рахымұлы Құсайынов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне;

Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.