Исламбек мырза, Сізге ана тіліңіз артық па, ағылшын тілі қымбат па?

Бөлісу:

018“Үштұғырлы тіл” саясаты – қоғамда сан алуан пікір туғызған ең өзекті мәселе. Елбасының осы идеясы қазаққа қаншалықты пайдалы және қаншалықты кері әсері бар екенін әркім өзінше пайымдап, өз ұсыныстарын айтып та жүр. Қолдайтындардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет пен үкіметтің асырауындағы адамдар екенін көрдік әзірге. Ал, халықтың ойы мүлдем басқа…

Былдырлап сөйлей бастаған, әлі тілі де дұрыс шықпаған балаға 1 сыныптан бастап ағылшын, орыс тілдерін үйрете бастаса, 11 сыныпқа дейін тұтас ағылшын тіліндегі оқыту жүйесіне көшсе, сіздің балаңыз мектепті қазақ емес, өзге ұлт өкілі болып бітіреді. Қаны қазақ болғанымен, ана тілін жетік меңгермеген жанды қазақ деп айтуға болмайды.

Осы орайда, Қазақстанның белгілі кәсіпкерлері де көп тілді оқыту жүйесін қолдаған ашық хаттарын жариялады. Қолдағандардың басым көпшілігі өз тілін бұрыннан да білмейтін кәсіпкерлер болса, олардың қатарында Исламбек Салжанов секілді руханиятқа көп демеушілік жасаған тұлғалар да бар. Салжанов мырзаның демеулішіктен шаршағаны ма, мәдениетімізге қастық қылуға көшкені қалай?

Өз хаттарында кәсіпкерлер барлық қазақстандықтарды осы үндеуге қосылып, “үштұғырлы тіл” саясатын қолдауға шақырады. Ол түк емес, “болашақ ұрпақ үшін жаңа білім керек” дейді. Жаңа білім дегендері – ағылшын тіліндегі білім. Демек, ана тілі керек емес деп ашық айтып тұрғандары. Бұл ұлтқа деген опасыздықты кешіруге бола ма?

Біз ұлтына, ана тіліне сатқындық жасап отырған кәсіпкерлердің ішінен қазаққа ең жақындау деген Исламбек мырзаға сұрақ қойғымыз келеді.

“Исламбек мырза! Сізге ана тіліңіз артық па, ағылшын тілі қымбат па? Өз немереңіз қазақ тілін білмей, өз салтын, жеті атасын, мәдениетін, әдебиетін білмейтін жеткіншек боп өспейтініне сенімдісіз бе?”…

Алтай Сағидолда, 

Дерек көзі: juldizdar.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. Саят 27 Мамыр, 2016 12:56 Жауап

    Меніңше тіл саясатына қазақ тілін тереңдету, орыс тілін дамыту, ағылшын тілін меңгеру ұстанымы керек.

  2. Абай Ерманов 27 Мамыр, 2016 12:59 Жауап

    Кәсіпкерлердің тіл туралы кесіп айтуға құқығы жоқ. Бірақ көп тіл білу кімге зиянын тиігзеді? Бұл жалпыға бірдей қойылып отырған талап емес екенін елбасы айтқан болатын

  3. Айнура Конысова 27 Мамыр, 2016 13:00 Жауап

    Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деп Қадір Мырза Әлі аға бекер айтқан жоқ, сондықтан көп тіл білудің еш кедергісі жоқ, бастысы ана тілімізді қадірлей білу

  4. Казак 27 Мамыр, 2016 13:58 Жауап

    Ен биринши Казак тилин окыту керек,казирги кезде ен болмаса телевизорданда Казакша дурыс багдарлама жок балаларга.Килен унди,турик,орыс одан калса агылшын кинолары,турги 1-2 де коссан Казакша концерт бари боп жатады,бул Казак тилин оз жеринде басынгандык,буган жол беруге болмайды. :shoshu:

  5. Мадияр 27 Мамыр, 2016 14:14 Жауап

    Ана сүтімен дарыған ана тілі бәрімізге де қымбат, бірақ заман көшінен қалмай ағылшын тілін де меңгеруіміз керек.

  6. Қолқоюсыз 27 Мамыр, 2016 15:23 Жауап

    Қазақ тілін білмей-ақ қазақтың тағдырын шешіп отырғандар Қазақ Елі үшін қаншалықты қауіпті!!!! «Орыс тілі – Ресей үшін ұлттық қауіпсіздік!»-деді кеше ғана Ресей президенті Путин! Сонда Қазақ тілі Қазақстан үшін Ұлттық қауіпсіздік емес, қазақша қақпайтын билікте отырғандар мен шалақазақтардың ойына келгенін істейтін экперимент алаңы ма??

  7. Алма 27 Мамыр, 2016 16:04 Жауап

    Біз қаншалықты наразы болсақ, бұл біздің балаларымыз үшін қажет, ағылшын тілін меңгеру. Өйткен, уақыт бір орында тұрған жоқ. Техникасы да басқасы да ағылшынша сөйлеп жатқанда біздің ұрпақ неге сол тілді меңгереске? Ойлану керек.

  8. Айсулу Халықова 27 Мамыр, 2016 17:17 Жауап

    Қазір тіл білу ол – қажеттілік. Біз есік тереземізді тарс жауып басқа елдермен араласпай отыра алмаймыз, олай отырсақ біз дамымаймыз.

  9. Мейрамгул Дарибай 27 Мамыр, 2016 17:21 Жауап

    Қазақстан да басқа елдерден қалыс қалмауы керек, біз өз тілімізді елімізді басқа елдерге дәріптеу үшін,халықаралық байланысты нығайту, жаңа технологияларды дамыту үшін бірнеше тіл білуіміз қажет

  10. Аноним 27 Мамыр, 2016 17:44 Жауап

    Біз үшін балаларымызды жан жақты дамығаны маңызды. Бірақ әрине ана тіліміз туралы ұмытпайық!

  11. Жазира Ауданбаева 27 Мамыр, 2016 18:20 Жауап

    Жүрегінде патриоттық сезімі бар адам ешқашан өз ана тілін ұмытпайды, өзге тілді үйрену арқылы ана тілін ұмыттырады дегендер қатты қателеседі.

  12. Ақберді 27 Мамыр, 2016 19:33 Жауап

    Мәселе Мемлекеттік қазақ тілін -мемлекет дәрежесінде -қолдану жөнінде.
    Арнайы шаттастырма.

  13. Айдос 27 Мамыр, 2016 23:25 Жауап

    Адам акылды болу ушiн уш тiлдi бiлу манызды емес. Казак тiлiн бiлу арбip Казакстанда туратын халыктын мiндетi. Oл ушiн Казактын салт дастурiн тарихын мадениетiн дамытып баска халык Казак ез емес Батыр жане мадениетi халык екенiн бiлгiздipy керек!

  14. Азамат 28 Мамыр, 2016 01:55 Жауап

    Осы Казактар шулап кетесiндер! Агылшын, Орыс, тiлiн бiлу керек деп. Кажеттiлiк Адамга туындаса озi ушiн уйренедi. Соншалыкты озiмiздi Ана-тiлiмiздi бiлмей жатып томендетiп сойлеймiз, уят кайда? Бiздiн Тiл оте Пак тiл, мадинеттi, рухты, батырлар, жырлар, акындар, данышпан, онер, Балаларымызга куылыным, айналайын деген Тiл. Айта берсе коп. Тектi Атанын кыздары баска тiлге ерiп бузылып жатыр емеспе. Тiл бiздiн Казыргi заманда Кауымыз. Корламайык.

  15. Дариға 30 Мамыр, 2016 01:49 Жауап

    Бұл-саяси технология! Қазақтың көңілін алдарқату. Билікті жер титықтатты, енді бағытымызды тілге бұру. Қол қойғандардың қоғам алдындағы абыройына күмәнім бар және адалдықтарына. Қой деді – қойды, сой десе сояды. Екі ортада тілді қорлап, жерді ұмыттыру туралы іске аспайтын пасық ой жатыр.

  16. Крутой 30 Мамыр, 2016 01:51 Жауап

    Бұл-саяси технология! Қазақтың көңілін алдарқату. Билікті жер титықтатты, енді бағытымызды тілге бұру. Қол қойғандардың қоғам алдындағы абыройына күмәнім бар және адалдықтарына. Қой деді – қойды, сой десе сояды. Екі ортада тілді қорлап, жерді ұмыттыру туралы іске аспайтын пасық ой жатыр.

Пікір немесе жауап жазу

8 + 10 =