Әйгілі "Қазақстан" қонақ үйінде өрт шықты

020Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт 6 қабаттағы нөмірлердің бірінде пайда болған. Бұл туралы хабарлама 8:03-те түскен. Оқиға орнына 4 минутта жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, теледидар мен оның астындағы үстел өртенген. Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жау 8:24-те ауыздықталып, өшірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. дерек көзі: ҚазАқпарат