Мұхтар Құл-Мұхаммед: Жер дауы митингімен шешілмейді

023«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жер реформасы мәселесі «митингілер арқылы емес, диалогпен шешілетінін» мәлімдеді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы Құл-Мұхаммед Астанада өтіп жатқан Демократиялық күштердің Қазақстан-2050 жалпыұлттық коалициясының жиынында айтты.

Негізінен жер реформасы мәселесіне арналған жиынды Мұхтар Құл-Мұхаммед жүргізіп отыр. Жиынға саяси партиялардан «Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев, «Ауыл» партиясынан Әли Бектаев, Қазақстан халықтық коммунистік партиясынан Жамбыл Ахметбеков «Бірлік» партиясының өкілі, бизнесмендер мен аграрлық сала өкілдері қатысып жатыр.

Жиында сөйлеп жатқандардың көпшілігі Қазақстанда қоғамдық дау тудырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзарту туралы жер кодексіне енгізілген өзгерістерге мораторий жарияланғанын құптай сөйлеп жатыр.

Дерек көзі: Азаттық