Жерді сату арқылы мемлекеттік бюджетті толықтыруға бола ма?

Бөлісу:

013Халыққа Жер туралы кодекстің қалтарысы мен бұлтарысын түсіндіретін  jerturaly.kz сайтында халықтың тарапынан келіп түскен кейбір өзекті сұрақтарға назар аудардық. 

  • Жерді сату арқылы мемлекет бюджетті толықтырғысы келе ме?

Біріншіден, ауылшаруашылығы мақсатында қолданылатын жерді сатқаннан түсетін қаржылар бюджетке емес, Ұлттық қорға аударылады.

Екіншіден, жерді сату арқылы мемлекет ондай кіріс табуды мақсат етпейді. Басты ой-пікір – жерді экономикалық айналымға тарту.

  • 49 жылға дейінгі мерзіммен жалға алынған жер телімдеріне не болады?

Жерді 49 жылға дейін жалға беру туралы норма сонау 2003 жылы, Жер Кодексін қабылдаған кезде енгізілген болатын. 2016 жылғы 1 шілдеден кейін де жалға беру туралы келісімшарт өз күшін сақтайды, ол жерлерді ешкім қозғамайды. Есесіне, бүгінгі жалға алушылардың, Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының осы телімдерді жеңілдік шарттылықтарымен сатып алуына мүмкіндік туындайды. Бұл үшін әкімдікке өтініш жазу керек. Сол жерде тікелей сату келісімшарты жасалып, яғни аукционға түсірілмей, жалға алушы жердің иесіне айналады. Бұл ретте жер телімінің құны кадастрлық құнның 50 пайызын құрайды және жалға алушы жер телімін 10 жылға бөліп төлеу мерзімімен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

  • Шетелдіктер қалай? Оларға жер сатыла ма?

Жер Кодексінің 24 бабына сәйкес шетелдіктер мен шетелдік компанияларға қазақстандық жерді жеке меншік құқымен иеленуге тыйым салынады.

  • Егер оларға жерді сатып алуға болмаса, не мәселелерге рұқсат етілген?

2001 жылдан бастап, шетелдіктерге ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдері 10 жылға жалға беріліп келді.
2011 жылдан бастап, шетелдіктер мен жарғылық қаржысындағы шетелдіктердің үлес салмағы елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін тек қана 10 жылға дейінгі мерзімде жалға алу құқымен пайдалана алды. Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл мерзім 25 жылға дейін ұлғайды. Бұл ауыл шаруашылығы түсімділігінің төмендігімен және ауқымды инвистицияны қажет етуімен байланысты. Сол себепті де түсім алу үшін орта есеппен алғанда 10-15 жыл керек.

  • Қазақстандық азамат алдымен жерді сатып алып, кейін оны шетелдікке сата ала ма?

Егер Қазақстан азаматы жерді сатып алып, кейін шетелдікке сатқысы келсе, оған заң бойынша тыйым салынады. Егер ол сондай қадамға барғанның өзінде жасалған келісімшарттың заңды күші болмайды. Заңнамаға сәйкес мұндай мәмілені тіркеуге нотариустардың құқы жоқ, ал әділет ұйымдары мәміледен туындайтын құқықты тіркемейді.

(ӘМ 31 қаңтар 2012 ж. №31 бұйрығы)

  • Қазақстанда қанша жер жалға берілген және қанша жерді сатуға болады?

Жалға берілген ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің жалпы көлемі 99,5 млн. га. құрайды. Осының ішінде 1,3 млн. га. ғана жеке меншікте. Бұл жердің 68, 4 млн. га. жайылымдық жер.
2016 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімдіктер қордағы жердің 1,7 млн. га аукционға шығаруды жоспарлап отыр. Қордағы мемлекеттік жердің жалпы көлемі 100,1 млн. га және қалған жайылымдық жердің ауқымды бөлікті немесе 78, 5 млн. га.

Дерек көзі: dalanews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

11 − 9 =