ЗАҢСЫЗ МИТИНГІГЕ РҰХСАТ ЖОҚ! АЛ  МИНИСТРГЕ ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ БҰЗУҒА РҰХСАТ БАР МА?

Бөлісу:

Елбасының  Тіл туралы ерекше тапсырмасын кім орындайды?

asanov_zhakyp

kasymov-2

ҚР Бас прокуроры Жақып АСАНОВ мырзаның назарына!

Қазір халық ереуілдеп көшеге шықпасын, елдің тыныштығы бұзылады деп,  ҚР Бас прокурорынан бастап,  барлық арнайы құқық қорғау орындары басшылары мәлімдеме жасап жатыр.  Халықты қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшiн арандатуға бой бермеуге, азаматтық ұстаным мен жауапкершiлiк танытуға шақырып, заңсыз митингке шақырғандар, оны ұйымдастырғандар және қатысқандар әкiмшiлiк, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатынын ескерттi.   Дұрыс, рұхсат берілмеген соң, ол  заңды бұзу болып табылады. Оның үстіне Президент Жер кодексіне мораторий жариялап, әркім өз пікірі мен  ұсыныстарын білдіру үшін Жер туралы комиссия құрылды.

Ал мемлекеттік тілді –  мемлекет мүддесін табанға таптауға  кім рұхсат берді?  Құқық қорғағыш Ішкі Істер министрі Қ.Қасымовқа  парламентте мемлекеттік тілді – ұлттық мүддені таптап кетуге, мемлекеттің заңын, Атазаңды, Елбасының ерекше тапсырмасын бұзуға кім рұхсат берді?  Халықты ызаландырып, көшеге шығаратын тек Жер мәселесі ғана емес – құқығы ең көп бұзылатын Тіл мәселесі де! Осы Қасымов сияқты министрлердің Парламент қабырғасының өзінде, Мәжіліс депутаты Генадий  Шиповскихтің Қазақстанның мемлекеттік тіліндегі  сұрағының өзіне Ресейдің мемлекеттік  тілінде жауап беріп, Мемлекеттік тілді – Мемлекет мүддесін табанға таптауына Бас прокуратура неге үнсіз?  Билікке, яғни, Заңды қадағалаушы басты орган – Бас прокуратураға  Ішкі істер министрінің бұл Заң шығарушы басты орган – Парламенттегі   заң бұзушылығын  эфирден көріп  күйіп кеткен, күңіреніп кеткен миллиондаған  адамның ашу-ызасы еш әсер етпей ме? Министр біліп істесе де, білмей істесе де, міне, нағыз арандату! Біз солай ойлаймыз!

Қазақ еш уақытта қарнының ашқаны үшін көшеге шықпайды! Қадірінің қашқаны үшін атқа мінеді!  Өткенде ғана, осыдан тура  үш ай бұрын 16 ақпанда  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Алматыдағы жиында    сұрақ қойылған   тілде жауап бермегендер қызметтерінен қуылсын деп, Президент әкімшілігіне  берген тапсырмасы  қайда? Елбасының  Тіл туралы ерекше тапсырмасын кім орындайды?

«МИНИСТР ЗАҢ мен ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНА БАҒЫНБАЙ МА?
Депутаттың қазақша сұрағына орысша жауап берген Ішкі істер министрі Қ.Қасымов орынан алынуы керек»  ( http://www.qazaquni.kz/?p=51838 ) деген  «Қазақ үні» газетінің   мақаласын  бірнеше БАҚ көшіріп басып, әлеуметтік желіде ашу-ызаларын ақтарып жатқанына  үш күн болды бүгін… Қаншама адамар, зиялы қауым хабарласып, Президентке Ашық хат жазайық, петиция ұйымдастырайық  деп жатыр…

Осындай ұлттық мүддеге қарсылық көрсеткен заң бұзушылықтар жинала келе халықтың  наразылығына  от тастайтынын мектеп баласы да білгенде, министрлер  білмей ме? Осы ең маңызды мәселелердің бірін   ширек ғасырдан бері біздің биліктің түсінбей, әлде түсінгісі келмей келе жатқанына таңым бар? Егер биліктің  ең нәзік нәрсе – ұлттық мүдде мәселесі  – қазір ширек ғасырдан бері жиналып, ең қауіпті мәселеге айналып тұрғанына түсінігі мен еркі жетсе, еркінсіген министрді жазалар еді…  Ал мұндай оқиға бізде ондап, жүздеп саналады…

Ішкі істер министрлігінің   Республика алаңынан   жасырылған қауіпті заттар тауып алғаны жарияға жар салынып, алаң уақытша жабылды.  Дұрыс, сақтансаң сақтайды! Қырағылықтарына бек разымыз! Халықтың өмірін  сақтау ең басты міндет!  Ал Ішкі Істер министрі Қ.Қасымовтың   Парламент қабырғасында Заңымыз бен Президенттің арнайы тапсырмасын белінен басып бұзуы – алаңда жасырылған жанармайлы құтылар мен қарулардан мың есе қауіпті екенін біле ме екен!  Бұл біздің Билікке арналған халықтың сұрағы!

Заңымыздың, әсіресе, тіл туралы  заңымыздың күнде бұзылып жатқанына ет үйренді.  Ең болмаса, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы айтқан сөзі – берген тапсырмасының құны мен қадірі үшін жауапқа тартуға болмай ма?

Әлде, Президент тапсырмасын Президент әкімшілігі де орындамауға көшкен бе?

Қазыбек ИСА,

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. admin 20 Мамыр, 2016 21:49 Жауап

    ЗАҢСЫЗ МИТИНГІГЕ РҰХСАТ ЖОҚ! АЛ МИНИСТРГЕ ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ БҰЗУҒА РҰХСАТ БАР МА?
    Қасымов сияқты министрлердің Парламент қабырғасының өзінде, депутаттың Қазақстанның мемлекеттік тіліндегі сұрағының өзіне Ресейдің мемлекеттік тілінде жауап беріп, Мемлекеттік тілді – Мемлекет мүддесін табанға таптауына Бас прокуратура неге үнсіз? Билікке, яғни, Заңды қадағалаушы басты орган – Бас прокуратураға Ішкі істер министрінің бұл Заң шығарушы басты орган – Парламенттегі заң бұзушылығын эфирден көріп күйіп кеткен, күңіреніп кеткен миллиондаған адамның ашу-ызасы еш әсер етпей ме?
    http://www.qazaquni.kz/?p=52169

  2. Әзімбай Ғали 20 Мамыр, 2016 22:08 Жауап

    Бұл революция «национального достойнства»,бұндай жағдай Грузияда, Украинада ,ал одан бұрын Молдавияда болды.Құдай бетін ары қылсын, бізден бұрын үш прецедентте жергілікті халық ұлт саясатына наразы болған.Қазақ қазақ мәселесінде -тіл мәселесінің өрескел бұзылуына наразы болды.Әлі де отаршылдық сананың салдарын еңсеруге болады.Бәрі де орнына әлі келер ұшықтырмай , тіл білмейтін министрлер мен премьерлерді тысқару керек деп ойлаймын.Және халыққа түсіндіру керек қателіктердің болғанын және мемлекеттік тілдің жүзеге астынына уәде беру керек.Бұл аграрлық революция емес , бұл коррупцияға қарсы емес ұлтылдық ревлюция: қазақ қарнынң ашқанына емес өз елінде қадірінің кеткеніне наразы

  3. Жулдыз 20 Мамыр, 2016 22:19 Жауап

    Рахмет агатай. Дурыс айттыныз. Халыктын, казактын жанайкайын доп бастыныз. Енди озин казакпын деген арбир казак баласы унсиз отырмаса екен. Арбиримиз озимиздин кал кадиримизше тилимизди коргайык.

  4. Абдолла 21 Мамыр, 2016 00:33 Жауап

    Осы сұраққа қандай жауап болады екен? Меніңше, «Министр «егер рұқсат болса» деп рұқсат сұрады, яғни, сұрақ қоюшының құқығы бұзылған жоқ» деген іспетті жауап берілуі мүмкін.

  5. Мәке 21 Мамыр, 2016 12:11 Жауап

    Министр рұқсат сұрады,бірақ жауабын күтпестен орысшалап кетті. Мемлекеттің ғимаратында тұрып мемлекеттік тілді сыйламау деп ойлаймын.Еліміздегі ахуалды білетін министр,тіл дегенде халықтың ойын білмеді дейсіз бе? Енді министр орында қалса,елімізде заң деген жоқ болғаны

Пікір немесе жауап жазу

он алты − 12 =