Елдің барлығы қанша тұратынын айтып шулап жүрген пантеонның бағасын Қаржы министрлігі әлі көрмепті

Бөлісу:

Қаржы министрі: Құны 79? Біз оның құнын көрмедік

017ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 79 миллиард теңгеге пантеон салуға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жоба-смета құжаттамасы жасалып жатыр, бірдеңе айтуға ерте. Соған қарағанда, бұл сарапшылық бағалау, біз әлі құжаттамасын көрмедік. (…) Бізде жоба-смета құжаттамасы жоқ. (…) Құны 79? Біздің сараптамаға құжаттама келген жоқ. Әкімдікте талқылау жүріп жатыр. Біз оның құнын көрмедік», – деді Сұлтанов Парламенттің үзілісінде.

Осыған дейін елорда әкімдігіне сілтеме жасаған БАҚ-тар Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің құны 79 миллиард теңге делінген мәлімет тараған болатын.

Астанада Ұлттық пантеонның құрылысының жоспары жайлы мәлімет 2013 жылдың желтоқсанында ресми БАҚ-тарда жарияланған болатын. Кейін Астана билігінің пантеонның құрылысы жүретін орын ретінде Қабанбай батыр кесенесін анықтағаны белгілі болды. Бұл кесенеде 2014 жылдың қаңтарында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова жерленген болатын. 2015 жылдың  қазанында ҚазГЗУ президенті Мақсұт Нәрікбаев жерленген еді.


Дерек көзі: tengrinews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Ғаббас Қабышұлы 19 Мамыр, 2016 15:45 Жауап

    Жүздеген ауыл қылаяғы ауызсуға жарымай, талайы медпуктсіз, жылусыз күйзеліп, көпбалалы отбастары жәрдемсіз қалып отырғанда пантеон салуға 79 миллиард теңге жұмсау – есуастық! Министрлерінің нендей сорақылық жасап жүргенін білмейтін үкімет – К. Мәсімов – күндіз-түні төсегін жидырмай, көкке қарап, Ай-Күнмен «сөйлесіп» жатқаннан сау ма?! О, бәтуәсіз бейбақтар! :shoshu:

  2. Есенғали, Антакиядан 19 Мамыр, 2016 17:12 Жауап

    «Ақпатшалап» көсекеңе теңеу таппай жаны қиналған ақын жерленсе, оның досы да осы пантеоннан орын алатын болса, осындай «халыққа еңбегі сіңгендердің» ортасында көсекең керіліп жатпақшы ғой ? ! Ауызсуға жарымай отырған ауылдар ешекпен құдықтан тасып күндерін көрер, газге жарымай отырғандар қи жақсын ! Пантеон көсекеңе керек. Ошшым, ӘӘӘ.
    :shoshu: :shoshu: :shoshu:

  3. Есенғали, Антакиядан 20 Мамыр, 2016 07:20 Жауап

    Двести лет проживешь или тысячу лет,
    Все ровно попадешь муравьям на обед.
    В шелк одет или в жалкие тряпки одет,
    Падишах или пьяница – разницы нет !
    Омар ХАЙЯМ
    :zhlau:

Пікір немесе жауап жазу