Батыр рухына

019Алтайым-ай, шежірең көп шер тұңған, Ауыр бұлттан арылмаған кер тұлғаң... Сенің бодан тағдырыңның жолында, Болған талай алтын басты ер құрбан...   Абақ керей асыл текті жұртымның, алмап еді тыныштығын,шырқын кім?! Зуқа менен Оспан, Бөке батырлар, Елім деген ерлері еді ұлтымның...   Арғы атасы абыз болған кешегі, Ақ барысы Өр Алтайдың деседі- Ер Зуқадай өр намысты батыры, Талай күрмеу күрестерді шешеді...   Арасында жүріп қалың тұманның, Аяттарын медеу тұтқан құранның. Ел ішінде өсиетін үлгі етіп, Нарқын білген Абай айтқан жыр-әннің.   Аса таяқ ұстап өткен Да молла, Аттанды әке, бола алмады пана ол да. Ви Жыңгодай Дау Иыңмен алысып, Қалды жалғыз;"жұртыма, - деп, бақ орна!"   Алтай талай көздің жасын ағызды, Азат күннің болсын деумен бағы ізгі:.. Қарашаның қадірі үшін ер Зуқа, Рухтың отын кеудесінде тамызды...   Арысым-ай, елін, жерін қорғаған, Арманыңды тұсады ма зор қоғам?! Жан пида боп кеттің-ау сен қапыда, Азат күнде мың ойланып, толғанам.   Алтай сенің жүрегіңнің серті еді, Алтай сен деп шежіре-күй шертеді. Алтайым-ай, сен деп өткен ғұмырдың, Арман-мұңы өзегімді өртеді...   Арыстандай батыр өтті жанкешті, Аспаныңнан талай түн мен таң көшті. Ата-баба аманатын көтерген, Арыстарым жасындай боп жанды-өшті...   Ал,бүгінде айыққандай барқын мұң, Аспанымда көкпеңкөк ту;алтын күн. Арғы-бергі тарихыма көз салсам, Азат күнге шүкір етем, халқым мың.. Бақытгүл Зарқұмарқызы qazaquni.kz