РЕСЕЙ тілінде сөйлеген ҚАСЫМОВТЫ ШИПОВСКИХ ҚАЗАҚША сөйлете алмады…

Бөлісу:

Жарайсың, депутат!  Жарамайсың министр!

Жезқазғандағы көлік жүргізушісі бетіне кіші дәретін шашып жіберген полицейге қатысты үкім қайта қаралуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

 Калмуханбет касымов 2  5 жылға сотталған Төлеген Игібековке Ішкі істер министрінің өзі араша түсті. Қалмұхамбет Қасымов кесілген жазамен келіспей, Жоғары сотқа хат жазыпты. Мәжіліске есеп беруге келген министрден қарамағындағы сақшыны қалайда қорғап қалуды депутаттар да талап етті.

Әдетте, әр дүйсенбі мәжіліс министрлерді қабылдайды. Кезек Қалмұхамбет Қасымовқа келіпті. Ішкі істер министрі есеп бермес бұрын полицейлердің жаңа құрал-жабдықтарын көрсетіп, депутаттардың көңілін ауламақ болған. Мәжілісмендер көрмеге аса қызыға қоймады. Бірден министрден 5 жылға сотталған жезқазғандық полицейдің тағдырына араша түсуді талап етті. Қасымов та қарап қалмапты.

«Үкімге қарсылық білдірдік. Жоғары сотқа хат жаздым. Полицей 5 жылға сотталды. Ал, тәртіпсіз жүргізуші жазаланбады. Сот сараптамасы да оның денесі жарақтанбағанын дәлелдеп берді», – дейді Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.

Оқиға былтыр болған. Төлеген Игібеков кезекшілік кезінде мас жүргізушіні тоқтатады. Оның спирттік ішімдік ішкенін дәрігерлер де растаған. Алайда, мұны мойындамаған жүргізуші кіші дәретін сақшының бетіне шашып жіберген. Жауап ретінде полицейдің жүргізушіні шапалақпен тартып жіберуін, сот ауыр қылмыс деп, 5 жылға соттап жіберген. Мәжілісмендер енді мас азаматтың да жазалануын талап етуде. Қазір онсыз да бұл салада адам тұрақтамайды. Жылына 6 жарым мың полицей қызметтін тастап кетеді екен. Өйткені, жұмыс ауыр, жалақы өте төмен.

«Енді осының алдын тоқтатпайтын болатын болсақ, халқымыз осы ішкі істер қызметкерлерін ауданнан қуып шығатын шығар. Осыны сіз тікелей бақылауыңызға ала аласыз ба?», – деді мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың статистикасынан да адам шошиды. Кәмелеттік жасқа толмаған 100 мыңнан астам бала Ішкі істер министрілігінің бақылауында тұр. Жасөспірімдердің қолынан былтыр 23 азамат өлім құшқан. Бұған жүздеген ұрлық-қарлық, ұрып-соғуды қосыңыз. шиповских

«Соңғы 8 жылдың көлемінде республика бойынша уақытша оқшаулау орталығы, бейімделу мекемелеріне 70 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер жеткізілді. Сізге сұрағым, осы көрсеткіштерді азайту үшін қазіргі кезде нақты қандай іс-шаралар қолданып жатырсыздар?», – деді мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.

Бұл ең жас мәжілісменнің алғаш рет депутат ретінде сөз алуы. Алайда, қазақша сұрақ қойған Шиповскихке Қасымов мемлекеттік тілінде жауап беруге жарамады.

«Сұраққа рахмет! Рұқсат болса, мен орысша жауап берейін. Я сказал, что нам надо заниматься. Какие школы нам надо решать. Всего у нас 8 учебных заведений и всего одна спецшкола для тех, кто совершил преступление», – деді Ішкі істер министрі.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артуына бірден-бір себеп – мектеп инспекторлары жетіспейді екен. Оған қоса, тәртібі қиын балаларды оқытатын арнайы мекеме де жоқтың қасы.

Бұдан бөлек, мәжілісмендер Ішкі істер министрінен жұрт түнде көңіл көтеретін орындарда қатаң тәртіп ортануды талап етті. Басқа қаланы айтпағанда, Астанада жеңіл жүрісті қыздар мен нашақорлар бас қосатын кафе, бардың қаптап кеткені соншалық, Лас Вегас жолда қалады дейді депутаттар. Сондықтан, мәжілісмендер түнгі 12-ден кейін спирттік ішімдікті тұтынуға мүлдем тыйым салуды ұсынды.

Дерек көзі: КТК

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. Ораз 16 Мамыр, 2016 21:41 Жауап

    Министрди жумыстан куу керек. Казакша жауап бермегени ушин. Алде президент тек орыстардыгана коргайма? Жауапка тартпаса , президент екижузди болады. :shoshu:

  2. Есенғали, Антакиядан 17 Мамыр, 2016 07:22 Жауап

    Бүйтіп ел-жұрттың алдында масқара болғанша …
    Погон таққан қауымда «честь офицера» деген ұғым бар, аржағын түсінген шығарсыз, министр мырза ? ? ?
    :oilanu:

  3. Ардак 17 Мамыр, 2016 14:29 Жауап

    Атым ақсайды, бірақ жоспарды орындайды, ақсаса ақсасын, бірақ жоспарды орындасын

  4. МАҢҒЫСТАУ АЗАМАТЫ 17 Мамыр, 2016 23:21 Жауап

    жаман өтірік соқпаңдаршы өліп қалсада полицияның жұмсын ешкім тастаап кетпеиді дұрыс қылды сот тек бес жыл емес он бес жыл беру керек еді

Пікір немесе жауап жазу

9 + он бес =