Баспасөз қызметкері жоғалып кетті

Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғынына іздеу салды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Хабарсыз кеткен тұрғын 2016 жылдың 11 мамырында жұмысынан шығып, үйіне оралмаған.

Оңтүстік Қазақстанда облыс әкімдігінің баспасөз қызметкері жоғалып кетті 

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметкері әрі журналист. Ұлының жоғалғаны туралы арызды Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не Амангелді Ахыновтың әкесі тастаған.

Із-түссіз жоғалған азаматты іздеу мақсатында ОҚО Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жоғалған Ахынов Амангелді туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда полицияға хабарласуын сұрайды. Тел.: 8-771-883-30-13, 8-747-909-99-66 немесе «102».

Жоғалған тұрғынның белгілері: бойы шамамен 170-175 см, орта денелі, көзі қара түсті, шашы қысқа, қара түсті. Үстінде киген киімі костюм және көк түсті шалбар, ақ түсті көйлек және қара түсті аяқ киімі болған.

 Дерек көзі: Nur.kz
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз + 13 =