Мұхтар Шаханов: ЖЕРДІ ШЕТЕЛГЕ ЖАЛҒА БЕРУДІ ДЕ ТОҚТАТУ КЕРЕК

Бөлісу:

 

Астанада өтіп жатқан жер комиссиясының алғашқы отырысында ақын Мұхтар Шаханов жерді шетелге жалға беруді де тоқтату керек деген мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ақын жер мәселесінің бүгін өте қатты ушығып отырғанын баса айтты.

«Қазір халықтың жағдайы нашар, осыны ескеру керек. Жер сатылмайды деп сөз берген депутаттар кезінде. Бірақ сатылып жатыр. Ал, бүгінгі наразылық елдің мүддесі үшін болып жатыр. Ешкім атақ үшін жүрген жоқ. Мен елу елдің наградасын алған адаммын. Оның барлығын тақсам, шалбарымда да орын қалмауы мүмкін. Маған ешқандай атақ-абырой керек емес. Жер – анамыздың анасы, бабамыздың бабасы. Жерден айрылсақ, ештеңеміз қалмайды. Сол үшін жерді шетелге сатқанды да, жалға бергенді де тоқтату керек. Мен депутат боп жүргенде көп жер арабтарға беріліп кетті. Соның барлығын шешіп, күн тәртібіне қою керекпіз. Жерді жалға берсек, тек өз азаматтарымызға беру керекпіз. Біз бұған түгелдей қарсымыз», – деді Мұхтар Шаханов.

Ақын өз сөзінде сондай-ақ бүгінде белсенді түрде көтеріліп жатқан үш тұғырлы тіл бастамасына да наразылық білдірді.

«Қамшы»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 24 пікір жазылған

  1. Жарас 15 Мамыр, 2016 12:57 Жауап

    Мұхтар аға халықтың сөзін сөйлейтіндігіне күмән келтірмегенмін. Жарайсыз, аға!

  2. Дариға 15 Мамыр, 2016 13:02 Жауап

    Мұхтар Шаханов елімізгі жаны ашитын адам екенін тағы да дәлелдеді. Бұл кісі халықтың тілегін қабылдауға бар күшін салады деген сенімдемін.

  3. лукнароб 15 Мамыр, 2016 16:28 Жауап

    Мұхтар Шаханов, Мұхтар Тайжановтай азаматтардан үлгі алайық, ағайын!

  4. аноним 15 Мамыр, 2016 16:30 Жауап

    Жер -анамызды сақтап қалу үшін ат салысып жүрсіз, Мұхтар аға! Денсаулық тілеймін :unatu:

  5. Аноним 15 Мамыр, 2016 16:33 Жауап

    Тағыда өзінің азамат екенін дәлелдеді ағамыз. Енді бұл мәселенің оң шешімі табылатыны анық

  6. Қайрат 15 Мамыр, 2016 16:36 Жауап

    Осы пікіді көбі қолдайды деп сенемін, алда әлі талай тартыс жыртыс болады соған шыдаса болды.

  7. Дид 15 Мамыр, 2016 23:35 Жауап

    Оте орынды соз мен колдаймын, шет елге де баскагада сатпасын, Казахстаннын осы жерди мен игерем деген азаматтарына жалга 100 жылга берсин, биракта катан кадагалауда болсын, ол жерди игере алатын миллиардерлер коп емеспе….

  8. Бек 16 Мамыр, 2016 10:59 Жауап

    Жерді игеру үшін міндетті түрде сатып алудық қажеті жоқ. Жалға алып жұмысын істей берсін. Әйтпесе жер саудасы ешқашан тоқтамайды. Жерді сатуға ешкімнің қақысы жоқ. Ол Құдайдың қазаққа бергені. Соны аялай білуіміз керек. Шнеуніктерге оның сатылғаны тиімді, сол арқылы ақша жасайды. жалпы жерге деген жекеменшікті жою керек. Бұрынғы гектарлап заңсыз алынған жерлерді мемлекетке қайтару қажет тез арада. жетеді жерді саудаға салғанымыз. Ар-намыс, ұят деген болу керек қой! Осы комиссияның ішінде біз Мұхтар ағамызға ғана сенеміз! Жаса, Мұхтар аға!

  9. Кама 16 Мамыр, 2016 11:23 Жауап

    Жерді шет елдіктерге сатылмайды деген заң бар ғой, неге мәкең шет елдіктерге сатылмасын деп ұрып отыр?

  10. Арман 16 Мамыр, 2016 11:31 Жауап

    Жер сатылмайды, осымен 1000 рет айтылған шығар. Ал жалға беру деген уақытша нәрсе, сондықтан ешқандай да уайымдаудың қажеті жоқ

  11. Ратимр 16 Мамыр, 2016 11:34 Жауап

    Ауыл шаруашылығын дамытуымыз керек деп әлі жүрміз, осы еңбекке деген махаббатымыз жерді шет елге жалға береміз деген соң ақ басталды десем қате айтпаспын!

  12. карим 16 Мамыр, 2016 11:52 Жауап

    Осы комиссияға сенемін. Құрамында нағыз елге деген жаны ашитындар топтасқан.

  13. Жүрген біреу 16 Мамыр, 2016 13:42 Жауап

    Ашығып қалсақ та, жерді арендаға ешкімге беруге болмайды. Өз қазағың да жетістірмей, сатып алып, сосын қытайға екі есеге өз атынан сатып жіберіп отырады. Дәніккеннен құныққан жаман деген, билікке барғанның бәрі өз қарны мен айналасындағыларды ғана ойлап отырады. Елдің болашағы, ұрпақ, тіл, жер деген ұғымдар болмай қалған оларда. Қазақстан ең болмаса бір нәски шығара ма? Күнін әрең көріп отырған қырғыздан барып, киім сатып алады. Завод, фабрика ашудың орнына, жауып қытайға металлоломға өткізіп пайда тауып жатыр. Магазин ашып, күнін көргісі келгендерге налогты, тексерісті көбейтіп, оны да түбі жапқызады. Біреудің базары немесе дәмханасының бизнесі сәл жүре бастаса, өртей салады. Қазақтың қанында онсызда жалқаулық бар еді. Ішінен бір пысық шықса көре алмай өледі. Баяғы Абай айтқан қазақ – сол қазақ. Дініміз берік емес, тіліміз жалтақ, өзіміз қорқақ, жағымпаз, наданбыз! Қызымыз көшеде етегін ашып тұрады, жігітіміз қызтекеленіп барады. Мұндай халықтың патшасы да сондай болмай, қайда барады?

  14. Сапарбек 17 Мамыр, 2016 00:11 Жауап

    Мұхтар ағаның айтуы орынды-ау. Бірақ құралған комиссия мүшелерінің 90 пайызы мемлекеттік қызметкерлер мен Нұр Отан партиясының депутатары болғасын басым дауыспен жерді қытайларға жалға беру шешімі қабылданады

  15. Қазақұлы 17 Мамыр, 2016 00:28 Жауап

    Мұхтар Шаханов ағамызбен Мұхтар Болатханұлына Алла қуат берсін! Халық үшін күрестерінде жеңіске жетсін!

  16. Айман 20 Мамыр, 2016 17:30 Жауап

    Мухтар Шахановтай халыктын камын ойлайтын,шындык ушин куресетин агалар коп болса гой , керемет болар еды.Мухтар ага ,сизге зор денсаулык тилеймин, аман болыныз ! :bala:

  17. А.Кыдырбек-улы 22 Мамыр, 2016 12:23 Жауап

    Если отдать землю в аренду китайцам на год или два, это не страшно – они приедут на один сезон и уедут, вернутся следующей весной и уедут осенью. А если отдать на двадцать лет, тогда они сюда приедут с семьями, на неопределенный срок. Создадут здесь китайские школы, магазины, платежным средством будут юани, а на работу они привезут своих рабочих.
    А казахам – ни земли, ни работы?!
    Такой пример долгосрочной аренды уже у нас есть – Байконур, где в школах учатся по российским учебникам, российские рубли, российские законы и милиция, российский контрольно-пропускной пункт и т.д. все российское, государство внутри государства. Просто так там, как прохожему, казаху не пройти и не проехать. Получается, это уже не наша земля.
    Сто лет назад М.Дулатов призывал: «Оян казак!». Мы проснулись, но наши чиновники со своими бредовыми идеями по зарабатыванию денег без приложения какого-либо труда, не могут и не хотят понять трагической сути земельного вопроса в нынешней обстановке! Наше завтра – это их завтра тоже. И не имеют они права, слуги народа, распоряжаться землей народа.
    Поэтому, пока есть такой народ – казахи, казахская земля не должна ни отдаваться в аренду и тем более продаваться другим странам! Исторически Казахстан – земля казахов. Она не моя, Алгатбека, или Булата, Каната, она – наша казахская. И судьбу ее решать должны не правительство и не парламент, а народ.
    И обойдемся без всяких референдумов, организуемые тем же правительством, теми же «карманными» избиркомами. Итак все понятно и уже просто решено: народ – против аренды и продажи!
    И если земли сейчас остаются необработанными, то, вопреки заявлениям «доумков» от правительства, что она от простоя теряет, мол, плодородность, наоборот, они отдохнут от монокультур и станут плодородной целиной, со степным разнотравьем. А казахи подождут, без подачек от аренды. Как и до этого было, тому уже пять тысяч лет

Пікір немесе жауап жазу

үш × бір =