Таласбек Әсемқұловтың “Талтүс” атты күйтабағы жарыққа шықты

011Астанада жазушы, күйші, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың “Талтүс” атты күйтабағының таныстырылымы өтті.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен аталмыш шараға белгілі қоғам қайреткерлері, танымал күйшілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қытай Халық Республикасында басылып шыққан күйтабаққа Таласбек Әсемқұловтың орындауындағы 70-тен астам күй енгілізген.

Кеште саңлақ күйшінің шәкірттері – Сәрсенғали Жүзбай, Қайрат Айтбай, Ақжусан Иманғазықызы секілді есімі елге таныс өрендер де күй тартып, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Әсемқұловтың еңбектері халыққа етене таныс. Республикалық баспасөзде оның «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» сияқты әңгімелері, «Шымдан» повесі және «Талтүс» романы жарық көрген.

«Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана», «Тұмар падиша» сынды киносценарийлердің авторы. Сондай-ақ, республикалық баспасөзде қазақ және орыс тілінде түрлі әдебиет, мәдениеттану тақырыптарына арналған бірқатар мақалалары жарық көрген.

1973 жылы «Бәйжігіт күйлері» деген жеке гранд-дискі Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шықты. «Мәңгілік сары» антологияға 20-дан астам, «Қазақтың мың күйі» (2009) антологияға 40-тан астам күйі енген. 2010 жылы Парижден «Таттімбеттің мұрасы» СД-дискі шыққан.

010Таласбек Әсемқұлов 2014 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласында қайтыс болды.

Алтай Сағидолла, Астана қаласы qazaquni.kz