Қазақстандық орыстар қазақ тiлiнде сөйлеуі керек! - Ресей Федерациясы федералды Кеңесі төрайымы В. Матвиенко


Ресейдің ірі саясаткері Қазақстанда тұрып жатқан орыстарға ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ керектігін айтты. 

Қазақстанда іс-сапармен жүрген Ресей Федерациясы федералды Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко елімізде тұрып жатқан орыс азаматтарына қазақ тілінде сөйлеуі керек екенін жеткізді.

«Әрбiр халық, ұлт, этнос, әрине, өз тамырын сақтап, өзiнiң отанымен байланысын үзбеуi керек. Бiрақ, басқа елде, қазiргi жағдайда Қазақстанда өмiр сүрсек, бiрiншiден, елдiң заңдарын бiлiп, құрметтеуiмiз қажет. Бұдан бөлек, әлбетте, қазақ тiлiн оқуымыз керек. Қазақстанда тұрып жатқандықтан, қазақ тiлiн бiлiп, қазақ тiлiнде сөйлеген жөн», – дейді Матвиенко. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев елімізге сапарлай келген РФ өкілі Валентина Матвиенконы қабылдаған болатын. Кездесу барысында екі елдің өзара ықпалдастығы, соның ішінде парламентаралық саладағы іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, кездесуден кейін мемлекет басшысы Валентина Матвиенкоға Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

juldizdar.kz