ОСМАН ИМПЕРИЯСЫН КҮЙРЕТКЕН УАҺАБИЗМ

Осман империясын күйреткен уаһабизм

Бүкіл мұсылмандардың қорғаншысы болған Осман империясы өзге елдің терезесімен тең өмір сүріп, өркениеті дамып келе жатқан шағында ағылшындар қалай да бұл империяны аяғын шалудың жолын қарастырды. Сол уақытта ағылшындар Абдул Азиз ибн Мұхаммед әл Саудпен бірлесіп өздерінің әлсіздіктерін біле отырып империяға тікелей емес оны іштей құлдыратудың жоспарын тізді.

Осы тұстағы уаһабизмнің ең басты қолдаушылары Мұхаммед ибн Сауд пен оның ұлы Малик Абдул Азиз болды. Ағылшындар (қазіргі) саудиялықтарды барлық қажетті қару-жарақпен қамтамасыз етті және олардың қолдауымен империяның ішінен бүлік шығару үшін арнайы діни мәзхаб құрды.

Бертін келе аталмыш мәзхаб ұстанушылар қатары тез өсіп олар барлық заманауи мәзхабтарға, діни ұстанымдарға ашық түрде қарсы шыға бастады. 1788 жылы уаһабизмді дәріптеушілер өздерінің ұстанымдарын алға тартып ағылшындар берген қарудың күшімен Кувейт жеріне басып кіреді. Содан соң Бағдад жеріне дейін жетіп Карбаланы басып алып ондағы Пайғамбар с.а.у. немересі Хусейннің қабірін жермен жексен етуге кіріседі. Уаһабшылар 1803 жылы Мекке қаласын одан әрі 1804 жылы Мәдина қаласына кіріп көптеген қабірлерді бұзып оларға зиярат етуге үзілді-кесілді тыйым салады. Осылайша уаһабшылар Хижаз даласын өздеріне қаратқаннан кейін Шам өлкесіне беттейді.  1810 жылы уаһабшылар Хомс, Алеппо, Нажф қалаларына кіріп үлгереді. Алайда, уаһабшылардың ағылшындардан қару-жарақ жағынан қолдау көргені белгілі болып арамы пиғылдары әшкере болғаннан кейін Дамаск халқы оларға қарсы тұрады да оларды қалаға кіргізбей жібереді. Ол уақытта әл Сауд ағылшындармен жақсы қарым-қатынаста екенін бүткіл мұсылмандар білетін және уаһабшылар да осындай қатынастың арқасында пайда болғанын уақыт өте көзі ашық мұсылмандар аңғарады. Ендігі жерде уаһабшылар қатары көбейгеннен кейін олар дінмен қатар Осман империясын құлатып оның ішіндегі басқа діни мәзхабтардың жолын кесу үшін саяси өмірге араласа бастайды. Бірақ мұндай жоспарды империя құрамындағы мәзхабтың өкілдері білмеуі тиіс құпия жоспар болатын. Уаһабизмнің негізін салушы Мұхаммед ибн Абдул Уаһһаб Ханбали мәзхабының өкілі кейбір діни мәселелерде өзінің көзқарасын асыра сілтеп онымен санаспағандарға қарсы шыққан тұлға. Ол Құран мен сүннетті түсінудегі көзқарасының салдарынан көптеген ислам ғұламалары тарапынан сынға ұшыраған. Мәселен, Абдул Уаһһаб Мұхаммед Пайғамбар с.а.у. қабірін зиярат етуге тыйым салғаны былай тұрсын оны істеуші үлкен күнәхар деген. Сондай-ақ, кімде кім сол қабірді зиярат етуге арнайы сапарға шықса ол намазын сапар ретінде қысқартып оқи алмайды себебі, ол күнә жасау жолына шықты, деген үкім шығарған. Бұған дәлел ретінде Пайғамбардың мына хадисін келтіреді: «Үш жерден басқа жерге сапар шекпеңдер: Харам мешіті, Ақса мешіті және Пайғамбар с.а.у. мешіті». Сондай-ақ, Абдул Уаһһабтың көзқарасы бойынша Харам, Ақса, Пайғамбар с.а.у. мешіттерінен басқа жерлерге арнайы жұмыс сапармен немесе қонақ шақыруымен т.б. осындай секілді жағдайларда баруға болады бірақ, құлшылық қыламын деген ниетпен баруға тыйым салынады. Осындай үкім шығарған Абдул Уаһһаб өз кезегінде мұсылман ғұламалары тарапынан көптеген сынға ұшырап елден қуылды. Осыған байланысты сол уақытта өзге мәзхаб өкілдері Пайғамбардың қабірін зиярат етуге болатындығын алға тартып мына хадисті дәлел ретінде келтіреді: «Бұған дейін мен сендерге қабірлерді зиярат етуден тыйған едім. Енді бұдан кейін (қабірлерді) зиярат ете беріңдер». Осы хадиске сүйенген бүгінгі ислам ғұламалары Пайғамбар с.а.у. қабірі зиярат етуге ең лайықты жер деп санайды. Елден қуылған Абдул Уаһһаб 1740 жылы патша әл Саудтың қолдауымен Диръия тайпасына сапар шегеді. Аталмыш тайпа Абдул Уаһһабты құшақ жая қарсы алып барлық қонақжайлығын көрсетеді. Уақыт өтіп халық арасына сіңіскен Абдул Уаһһаб ендігі жерде өзінің діни насихатын жүргізе бастайды. Салдарынан Диръия тайпасы мен оның жанында орналасқан елді мекен халқы Абдул Уаһһабтың көзқарасын құптап уаһабшылар қатары күрт өсе бастайды. Бұған қосы жергілікті тайпаның көсемдері де Абдул Уаһһабты өз қамқорлықтарына ала бастайды. Осындай әрекеттің нәтижесінде «уаһабия қозғалысы» пайда болады және бұл қозғалыс үлкен қолданысқа ие болып халық арасында насихат және діни үкім шығарушы арнайы мәзхаб ретінде жүзеге асады. Абдул Уаһһаб халыққа жүйелі түрде дәрістер жүргізуін жалғастырады, бұған қоса патша әл Сауд өзінің қарамағындағы қарапайым халыққа 10 жыл бойы уаһабия бағытын ұстануды бұйырады. Осыдан кейін 1757 жылы уаһабшылар саны тағы артып Анзара, Уайъна деген көршілес тайпаларды басып алып онда өздерінің идеологияларын таратумен болады. Осылайша Диръия уаһабшылардан құрылған әрі бұл бағытты насихаттаушы негізгі тайпаға айналады. 1765 жылы әл Сауд патша өмірден өтіп «уаһабия қозғалысының» әрекеті біршама төмендейді. Алайда, 1788 жылы 13 жыл ұйқыда жатқан уаһабшылар өздерінің бағытын одан әрі жандандыру мақсатында қайта бас көтереді. Әл Сауд өмірден өтіп оның орнына Абдул Азиз патша келеді. Абдул Азиз Абдул Уаһһаб бастаған бүткіл халықты жинап ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын билік ордасын құруға шақырады. Халық бір ауыздан патшаның бұл бастамасын қолдап аталмыш билік ордасы құрылады. Сөйтіп, бұл орданы бүгінге дейін Нажд пен Хижаз даласындағы халықты билеуші болып ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан әл Сауд ұлдары басқара бастайды. Айта кету керек, мұндай әл Сауд билігінің басты діни ұстанымы Абдул Уаһһабтың бағытының негізінде қаланды. Биліктің ұстанымы уаһабизм болғаннан кейін бұл мәзхаб көршілес елдерге тез тарады. Патша Абдул Азиз дереу әскери күш жинап Кувейт еліне қайта басып кіреді. Осы тұрғыда Абдул Азиздің қолдауымен ағылшындар Кувейтті өздеріне қаратпақ болды. Бұны білген Кувейт халқы дереу Осман империясынан көмек сұрайды. Империяның қолдауын көрген Кувейт көптеген Ресей, Германия, Франция секілді үлкен алпауыт елдердің алайтқан көздерінен аман қалды. Уаһабшылар араб түбегінде үлкен қолданысқа ие болып келесі қадамдарын Ирак, Шам жерлеріне қайта басты. Қажет болған жағдайда уаһабшылар өздеріне қарсы келген мұсылмандарға қарулы шабуылдар ұйымдастырып тұрды. 1972 жылы Мұхаммед ибн Абдул Уаһһаб өмірден өтіп оның орнына ұлы келеді. Әкесінің жолын қуған ибн Мұхаммед Саудия билігімен бірігіп уаһабизм мәзхабын саяси бағытта қолданып Осман империясына қарсы шығады. Сөйтіп мұсылмандар арасында мәзхаб аралық шиеленістер одан әрі көрініс табады. Әл Сауд пен ағылшындар арасындағы тығыз байланыс бүткіл халыққа белгілі болды бұдан бөлек ағылшындар әл Сауд ұрпағының жеке мемлекет құруына және бұл үшін оларға қару-жарақ бергендерін жасырмайтын жағдайға жетті. Егер ағылшындардың мұндай жан-жақты қолдаулары болмағанда әл Сауд ұрпағы бүгінде мұндай дәрежеге жетпеген болар еді. Ағылшындардың бұл әрекеттеріне қарсы болған Франция елі уаһабшылардың таралуын қолдамаған еді. Сонымен қатар Осман империясы да өз кезегінде шырмауықтай шырпып келе жатқан уаһабшыларға қарсы жан-жақты соққы жасаса да олардың жайылған тамырлары әр жерден қайта жанданып жатты. Сөйтіп, империя Мысыр патшасы Мұхаммед Әлиден уаһабшыларды елге кіргізбеуге байланысты шешімдер қабылдап, дереу шара қолдануды талап етті. Алайда, Мысыр патшасы империяның бұл талабын орындауға асыға қойған жоқ. Әсілінде Мұхаммед Али Франция тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Себебі, Мұхаммедтің таққа келуіне Франция үкіметі ықпал еткен болатын. 1811 жылы уаһабшылардың қозғалысына қарсы Франция патшасы өзінің әскерін жұмылдырған Тусон есімді ұлын Мысыр еліне көмек ретінде жіберді. 1816 жылы Мысыр әскер басы Ибрахиммен біріккен Тусон әскері бірлесе отырып уаһабшыларға қарсы үш айға созылған шайқас ұйымдастырады. Нәтижесінде, ойсырата жеңілген уаһабшылар шарасыздықтан кері Диръияға қашып құтылады. Бұған қоса Ибрахим әскері ісін соңына дейін жеткізу үшін Диръяға ат басын бұрып ондағы уаһабшыларды тағы қырып салды. Осылайша уаһабшылар мен ағылшындардың жылдар бойы құрған арам пиғылды жоспарларын жермен жексен болды. Дегенмен, бұл уаһабшылардың тамыры түгелдей кесілді деген сөз емес.

Шейх Тақидин Набһани жазған

«Осман Империясы қалай құлады»

атты кітабынан алынған.

Аударған: Жалғас АСХАТҰЛЫ

Дереккөз: e-islam.kz