Түркістанда Түркітанушылар бас қосты

Бөлісу:

 DSC_0086Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Ел Тәуелсіздігі мен Ахмет Ясауи университетінің 25 жылдығына және «Ахмет Ясауи жылына» орай «Бүгінгі түріктану мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Халықаралық конференция, әдебиет сыншысы, ғалым, түрколог,  ф.ғ.д., профессор Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек шығармашылығының 40 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Конференцияға түркі халықтарының рухани-мәдени өмірін, әдебиет, тіл, тарих, археология, этнография мәселелерін ортаға салуға бауырлас Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан, Татарстан, Қарақалпақстан, Хакасия, Саха елдерінен 100-ден аса түрколог ғалымдар және еліміздің қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

DSC_0199Ғылыми жиынды ұйымдастыруға Ахмет Ясауи университетімен қатар, ТҮРКСОЙ ұйымы, Халықаралық Түркі Академиясы, Қазақстан Жазушылар одағы, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті ААҚ», Түркістан қаласы Әкімдігі атсалысты.

DSC_0228Ғылыми басқосуда университет вице-президенті, профессор Т.Раимбердиев модераторлық жасады. Оқу орнының І вице-президенті, профессор М.Куталмыш Құлбек Сәрсенұлының шығармашылығы, түркітануға сіңірген еңбегі туралы баяндап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Басшылар Ел Тәуелсіздігі мен «Ахмет Ясауи жылына» қатар келген Ахмет Ясауи университетінің 25 жылдығына орай бірқатар қонақтарды; Мемлекет және қоғам қайраткері, түріктанушы М.Жолдасбековті, Башқұртстан Жазушылар Одағы Басқармасы мүшесі, РФ Думасының депутаты Г.А.Юнусованы, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Президенті,  академик Өмірзақ Айтбайұлын 25-жылдық мерекелік төсбелгімен марапатталды.

Жиынға Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, Қырғыз Республикасы ҰҒА-ның вице-президенті, академик, А.Акматалиев, Өзбекстан Жазушылар одағы Басқармасы мүшесі Н.Ю.Фазылов, Татарстан Жазушылар Одағы Басқармасы мүшесі Ркаил Зәйдулла,  «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Жанболат Аупбаев, Жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков, Жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғараұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары Маралтай Райымбек, Жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт,  «Ара» kz журналының Бас редакторы, сықақшы Көпен Әмірбек, т.б., қатысты.

DSC_0042Конференцияда «Құлбек Ергөбек және түрік әлемі», «Гуманитарлық-педагогикалық бағыт», «Тіл білімі бағыты» секциялары жұмыс жасады.

Шара аясында түркі халықтарының әдебиетін, тарихын, этнографиясын тұтас қарастыратын кітаптар сериясы «Түрікстан жинағы» 7 томдығының тұсаукесері, Бейсембай Кенжебайұлының түріктану музейінің, Түрік тілдес халықтар кітапханасының, Түрік халықтары өнер галереясының және «Егемен Қазақстан» газетінің фотосуреткері Берсінбек Сәрсеновтің көрмесінің ашылу салтанаты, тұсаукесер рәсімі өтті.

 Университет баспасөз қызметі.

фото:О.Назаров.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

11 − тоғыз =