Біз өзге елдерде жұмыс істеу үшін олардың заңдарын, өзіндік ерекшеліктерін білуге тиіспіз – BI Group басшысы

Бөлісу:

012Тәуелсіздік жылдары елімізде бәсекеге қабілетті жекелеген ірі компаниялар қалыптасты. Солардың бірі – BI Group құрылыс компаниясы. Ұзақ жылдар бойы елімізде табысты жұмыс істеген кәсіпорын Алматы қаласындағы жұмысын барынша жандандыруға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл жайындағы ой-пікірін BI Group басшысы Айдын Рахымбаев өзі мәлімдеді. Бұған дейін Астанада қарқынды құрылыс жұмыстарын жүргізген алып компания енді Алматының өсіп-өркендеуіне өз үлесін қоспақшы. Алматыда жаңадан ашылған компанияның бөлімшесіне білікті маман Айдос Мұқатаев жетекшілік етеді.

Жиын барысында сөз алған Айдын Рахымбаев Алматыда компания бөлімшесін ресми түрде ашып, қызу жұмысқа кірісіп кеткендерін журналистер қауымына жеткізді. Айдын Рахымбаев компанияның 2015 жылы атқарған жұмыстары жайында қысқаша баяндап берді.

– 2015 жыл еліміз үшін ауыр жыл болғаны даусыз. Ғаламдық қаржы дағдарысы кез келген салаға өз қиындықтарын ала келді. Бірақ біздер Қазақстандағы құрылыс саласы бойынша аяғына нық тұрған компания болғандықтан ойға алған жоспарларымызды толықтай іске асырып, көптеген жұмыс атқардық. Өткен жылы BI Group бір ғана Астана қаласында 5,7 мың пәтердің құрылыс жұмысын аяқтады. Бұл 2015 жылы Елорда бойынша пайдалануға берілген пәтерлердің тең жартысы. Осылайша 668 мың шаршы/метр болатын 23 тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмысын аяқтағанымызды мақтанышпен айта аламын. Компания құрылған күнінен бастап Астанада 2,4 млн шаршы/метр болатын құрылыс кешенінің жұмысын аяқтапты. Түсінген адамға бұл – үлкен шаруа. Енді осындай қарқынды жұмысты Алматы қаласында да жалғастыруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда компаниямыз Алматының құрылыс нарығындағы үлесі 10 пайызды құрайды. Таяу болашақта бұл көрсеткішті 20-25 пайызға дейін жеткізу ойымызда бар, – деп Айдын Жұмаділұлы болашақ жоспарларымен де бөлісті.

BI Group01Бүгінде қаржылық айналымы 262 млрд теңгені құрайтын комания 250 Top Global Contractors рейтингінде 164 орынға табан тіреген қазақстандық жалғыз компания екенін айта кетуіміз керек. BI Group 2015 жылы қарқынды даму жолына түскен үздік  компаниялардың арасында 15 орынға табан тіреген. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұйымдастырған «Алтын сапа» сыйлығына ие болғанын да айта кетуіміз керек.

Дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктерді ашып, даму бағытынан айнымаған комания болашақта Қазақстаннан сырт өзге елдерде де ірі нысандарды салуға бет бұрып отырғанын білдік. Бұл жайында сұрағанымызда компания басшысы былай деп жауап қайырды:

– Бүгінде біздер Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы және Еуропаның бірқатар елдерінде жұмыс істеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан жайымыз бар. Иә, BI Group-тың құрылысшылары кез келген елде заманауи құрылыс нысандарын жүргізетін мүмкіндікке ие. Бірақ халықаралық нарыққа шығу құрылыс жұмыстарын жүргізумен ғана шектелмейді. Біздер өзге елдерде жұмыс істеу үшін олардың заңдарын, өзіндік ерекшеліктерін білуге тиіспіз. Керек десеңіз, мұндай жағдайда тілдік барьерді де еңсеруге тура келеді, – деді.

Бүгінде BI Group компаниясы BI Group Development және BI Group Construction деп аталатын екі холдингтан тұратыны белгілі. BI Group Development еліміз бойынша жылжымайтын мүлік құрылысын жүргізуге маманданса, BI Group Construction холдингі инфрақұрылымдар мен ірі өндірістік нысандар салумен айналысады. Компания «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағын, «Шалқар – Бейнеу» темір жол құрылысын, «Балқаш» ЖЭС-інің құрылыс жұмыстарымен айналысуда. Бұдан басқа BI Group компаниясының құрылысшылары Алтынкөл стансасын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Астана – Павлодар», «Астана – Көкшетау» күре жолдарын салғанын айта кетуіміз керек.

Баспасөз мәслихатында компания басшылары құрылыс жұмыстарына Қазақстанда өндірілген құрылыс материалдарын қолданатындарын да айтты. Бұл жағдай өз кезегінде компанияның есеп-қисап жұмыстарын теңгемен жүргізуге мүмкіндік беріпті. Қазақстанның құрылыс саласында биік белесті бағындырған компания алдағы уақытта осы бағытынан айнымай, еліміздің өсіп-өркендеуіне күш жұмсайтындарын алға тартты.

Нұрлан Жұмақанов

Дерек көзі: dalanews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

4 × бір =