Жағымсыз исі мүңкіп тұрған астанада тұрғым келмейді! - Айсұлтан Назарбаев

Қазақстан президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков үшін кәріз суының қалдығы төгілетін Талдыкөлдің жағасынан киіз үй тігіп беруге уәде берді.  Сонымен қатар ол жағымсыз иісі мүңкіп тұратын астанада тұрғысы келмейтінін де айтты.

Айсұлтан Назарбаев Жақсыбековке Талдыкөлдің жағасынан киіз үй тігіп беруге уәде берді

Бұл туралы Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Жақсыбековтің кезінде футбол сайқымазаққа айналмаған. Әртүрлі жағдай болды. Тіпті оның нәтижесінде талқылауға болады, бірақ дәл циркке айналып кетпеген еді. Осы тұрғыдан алғанда кәсіби басшының Астана әкімшілігінің алдында тұрған ең маңызды тұрмыстық мәселені шеше алмауы мені таңғалдырды. Мен Астананы жайлаған жағымсыз иіс жайлы айтып отырмын. Тіпті Қазақстан президентінің өзі әкімге осы масқара үшін көпшілік алдында сөгіс бергеннен кейін, қорытынды шығару керек. Өзінің жұмысын атқаруы тиіс. Мен қазір Астананың қарапайым тұрғыны ретінде айтамын: Жағымсыз исі мүңкіп тұрған астанада тұрғым келмейді! Егер бұл мәселе шешілмей, елбасының ескерткеніндей болатын болса, онда мен Талдыкөл маңынан киіз үйді өзім тігіп беремін. Себебі президенттің тапсырмасы орындалуы тиіс", - деп жазды Айсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев бас қаланы сасық иістен арылта алмаған Астана әкімін қатал сынға алып, егер биыл мәселені шеше алмаса, онда Әділбек Жақсыбековті орынбасарларымен бірге Талдыкөлдің жағасына киіз үй тіккізіп, сонда тұрғызатынан айтқан.

Дерек көзі: Nur.kz