Назарбаев Мәскеудегі парадқа қатысуда

Бөлісу:

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге келді

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аспектілерін, сондай-ақ күн тәртібіндегі бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Путинді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен және Восточный ғарыш айлағынан алғашқы зымыран ұшырылуымен құттықтады.

«Бүгінде кез келген мемлекет осындай заманауи ғарыш айлағын іске қоса алмайды. Бұл Сіздің қолыңыздан келді. Сіздің ел үшін осы бір тарихи оқиға көптеген ұрпақтың жадында қалатын болады», – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев биыл Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті және ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі өтетінін еске салды.

Назарбаев әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге келді

«Биыл күн тәртібінде көп кездесу бар, бағдарлама ауқымды. Қазіргі күрделі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақ қалыпты режимде дамып жатыр. Дағдарыс уақытында туындап жатқан қиындықтарды еңсеруге болады», – деп атап өтті Қазақстан президенті.

Ресей Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған парадқа қатысу мақсатымен Мәскеуге келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

«Біздің қарым-қатынасымыз да осылай жақсы әрі жан-жақты дами беретініне сенімдімін. Бүгін Сіз көрсеткен ілтипат ертеңгі күні де өзара сенімді нығайтып, достық байланыстарымыздың бұдан әрі дами беруі үшін жақсы жағдай қалыптастыратыны сөзсіз», – деді Путин.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған  Мәскеудегі әскери парадқа қатысады.

Дерек көзі: Nur.kz
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Бектас 10 Мамыр, 2016 13:43 Жауап

    Бекер барған. Империяның шашбауын көтерудің қажеті қанша? Басқа біреуді жіберу керек еді..

  2. казак 10 Мамыр, 2016 23:09 Жауап

    Бекер барган.Георгиев лентасын неге тагып алган.Озимизден лентаны тагу керек еди.

Пікір немесе жауап жазу

алты + 7 =