"Қытайларға берсең бере салшы, солар да бір жарымай қойды ғой"

САДАҚА. - Шеше деймін, ол қайыршы емес деймін, оған садақа бермей-ақ қой! - Қалай қайыршы емес?! Мына қыздың киіп жүрген шалбарының тізесін қарашы әбден дал-дұлы шыққан! - Мода сондай, шеше - Қойшы, сен. Ауылдан келді екен деп мені әйтеуір мазақ қыла бересіңдер! Бұндай мода бола ма?! Жақсы онда онда садақамды мына балаға берейін – ағасының шалбарын киіп алғаны көрініп тұр. Қарашы, балағы қып-қысқа - Ойбай, шеше! Жолама оған - Неге байғұс! Бұл да мода ма? - Мода емес, молда ғой, шеше - Түуу, мені жарым қылып болдыңдар ғой, түге! Е, мына қызға берсем ше? - Шеше, ренжімеші! Тек бұл қыз емес, жігіт, шеше - Не дейіт, көтек! Шашы ұзын болғасын қайдан білейін. Ал мына тақырбас балаға беремін-ау, аш секілді, көзінің асты көгеріп кетті. Өй, мынау тошны бала ма, өзі?! - Шеше, соны мен өзім де айыра алмай тұрмын - Қой, кеттік, онда. Өзімше бір садақа бере қойын деп едім, болмады ғой. Ау, мына өріп жүргендер кім? - Қытай туристтері ғой, шеше - Осыларға бере қойсам не қылады? - Берсең бере салшы. Осылар да бір жарымай қойды ғой. Нұрлан Сәдір qazaquni.kz