«Қытайларға берсең бере салшы, солар да бір жарымай қойды ғой»

2109
0
Бөлісу:

САДАҚА.
– Шеше деймін, ол қайыршы емес деймін, оған садақа бермей-ақ қой!
– Қалай қайыршы емес?! Мына қыздың киіп жүрген шалбарының тізесін қарашы әбден дал-дұлы шыққан!
– Мода сондай, шеше
– Қойшы, сен. Ауылдан келді екен деп мені әйтеуір мазақ қыла бересіңдер!
Бұндай мода бола ма?! Жақсы онда онда садақамды мына балаға берейін – ағасының шалбарын киіп алғаны көрініп тұр. Қарашы, балағы қып-қысқа
– Ойбай, шеше! Жолама оған
– Неге байғұс! Бұл да мода ма?
– Мода емес, молда ғой, шеше
– Түуу, мені жарым қылып болдыңдар ғой, түге! Е, мына қызға берсем ше?
– Шеше, ренжімеші! Тек бұл қыз емес, жігіт, шеше
– Не дейіт, көтек! Шашы ұзын болғасын қайдан білейін. Ал мына тақырбас балаға беремін-ау, аш секілді, көзінің асты көгеріп кетті. Өй, мынау тошны бала ма, өзі?!
– Шеше, соны мен өзім де айыра алмай тұрмын
– Қой, кеттік, онда. Өзімше бір садақа бере қойын деп едім, болмады ғой. Ау, мына өріп жүргендер кім?
– Қытай туристтері ғой, шеше
– Осыларға бере қойсам не қылады?
– Берсең бере салшы. Осылар да бір жарымай қойды ғой.

Нұрлан Сәдір

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу