Зуқа батыр Сәбитұлына 150 жыл. Түркістанда спорт апталығы және конференция өтті

Бөлісу:

13199049_10154148003394715_700737155_o2016 жылы мамырдың 3-ші жұлдызында Қожа-Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығы залында Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғлыми конференция өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 20-24 сәуір аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Алаш ардагері Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойына орай Түркі дүниесі жастарының футбол, баскетбол, қол күрес, қыздар волейболы, гир көтеру сияқты спорт ойындарынан достық спорт апталығы өткен болатын.

13184558_10154148003744715_1673836348_oБұл шараға 20-дан аса түрік тілдес ұлтпен ұлыс өкілдері жастары белсене қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған вице-президент, профессор Б.Мұхамеджанов батыр бабамыздың ерліктері туралы дерек, дастандар кең таралғындығын, жас ұрпаққа кең көлемде насихатталу керектігін атап өтті.

Аталмыш шара 3-мамыр күні конференцияға ұласты. Шараға түркі дүниесі жастары және оқытушы-профессорлар қатысты. Ғылыми-танымдық конференцияның ашылу салтанатында сөз алған Ғылым және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, профессор Т.Раимбердиев ел, жер, тәуелсіздік жолында құрбан болған Зуқа батырдың ұлықтау шаралары әлемнің 11 елінде аталып өтіп жатқандығын, осы конференция барысындада үлкен толғамды ой-пікірлер айтылатындығын атап өтті. Сондай-ақ, профессор Т.Раимбердиев жалпы шараны ұйымдастырған жастарға алғыс айтты. Доцент Е.Адилбекова ғылыми баяндамасында қазақ-түрік тілдеріне жалпы батырдың ерліктері, өмірбаяны туралы дастандарды талдап өтті. Сонымен қатар, жас ғалымдар, қонақтар сөз алды.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ақсақалдар алқасының мүшесі, Зуқа батырдың немересі Арыстан қажы Шәдетұлы жастарға батырдың өмірінен қысқаша естелік ғибраттар айтты. Осы бабалар аңсаған тәуелсіз елдің қадіріне жетіп, жастарға отан сүйгіш болуды дәріптеді. Астанадан келген журналист, ақын Бейсен Ахметұлы  жалпы әлемдегі өтіп жатқан Зуқа бабамыздың құрметіне арналған шаралар туралы мәліметтермен бөлісіп, Халықаралық ұйымдастыру алқасы атынан алғыс айтты.Филология факультетінің студенті Р.Мадакеев Зуқа батырдың күресіндегі өзіндік ерекшеліктерін талдап өтті.

13128960_10154148003784715_1095110323_oШара соңы батырға арналған өлеңдерден құралған шағын концерттік бағдарламаға ұласты. Қалалық өнер мектебінің директоры Тілеулі Тұрар, Филология факультетінің студенттері Р.Нарғұлан, Ү.Бағдат батырға арнау өлеңдерін оқыды. Іс-шараға атсалысқандарға «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы атынан алғыс хаттар берілді. Конференция қорытындысында Ахмет Ясауи университетінде Алаш ардагері Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық халықаралық мерейтойын өткізу алқасы атынан Түркі дүниесі жастарының достық спорт апталығының жеңімпаздары марапатталды.

13161193_10154148003859715_853956595_oЗуқа батыр Сәбитұлы – 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады.

Университеттінің ақпарат орталығының көмегімен дайындаған Бұқарбай Б.

фото:О.Назаров.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

7 + 10 =