"Нұр Отанға" жаңа басшы келді

013«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысы барысында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев үлкен жұмыс атқарғаны үшін Асқар Мырзахметовке алғыс айтты және партия Төрағасының жаңа Бірінші орынбасары Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті таныстырды.

1960 жылы туған. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор.

1982 - 1992 жылдары Қазақ Кеңес энциклопедиясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы болып еңбек етті.

1992 - 1999 жылдары – «Атамұра» баспа корпорациясының президенті.

1999 - 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы.

2001 - 2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.

2003 - 2007 жылдары –  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары-Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2007 - 2008 жылдары – Қызылорда облысының әкімі.

2008 - 2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

2010 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.

2012 - 2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2013 - 2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

2014 - 2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2015 жылдың наурызынан мамырына дейін – Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау үшін құрылған республикалық қоғамдық штабтың басшысы.

2015 жылғы 5 мамырдан бүгінгі дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет етті.

Дерек көзі: nurotan.kz