Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған үздік сурет таңдалды (фото)

Бөлісу:

© Ақорда

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік қазақстандықтардың көзімен» атты фотобайқаудың нәтижесі жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ұзаққа созылған пікірталас пен талқылаудан соң жүлделі орындар санын ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Бірінші орын мен басты жүлде бір миллион теңгені қызылордалық Рамиль Магдеев алды.

Екінші орынды «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қатысушылардың қарсылық акциясы» атты жұмысы үшін Шүкір Шахрай (Астана) және «Барлығы баласындай бір атаның» атты фотосуреті үшін шымкенттік Мақсат Шағырбаев иеленді. Екінші орын иегерлеріне фотоаппарат беріледі.


Мақсат Шағырбаев


Шүкір Шахрай

Үшінші орынды астаналық Салават Нұрғожаев («Бәйтерек – Астана символы» жұмысы үшін), Ксения Леонова («Жеңіс күні» жұмысы үшін) және петропавлдық Талғат Таныбаев («Жұмаш Ғабдуллин» жұмысы үшін) бөлісті. Оларға планшет берілетін болды.


Ксения Леонова


Нұрғожаев Салават


Талғат Таныбаев

«Президенттің Баспасөз қызметі атынан конкурсқа қатысушылардың бәріне белсенділіктері мен басты байлығымыз бен құндылығымыз – тәуелсіздікке деген қазақстандықтардың көзқарасы көрініс тапқан керемет туындылары үшін алғыс білдіреміз!», – делінген хабарламада.

Еске салайық, фотобайқаудың қазылар алқасы құрамына Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев, Баян Есентаева және Аружан Саин кірген болатын. Қазылар алқасының мүшелері таңдау жасау барысында ең алдымен тақырыптың ашылу деңгейіне, суреттердің мазмұнына назар аударды.


Дерек көзі: tengrinews.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Есенғали, Антакиядан 6 Мамыр, 2016 15:49 Жауап

    Өзбек пе, тәжік пе, әлде ұйғыр ма шалын құшақтап, георгигий лентасын тағып алған қазақтың алжыған кемпірінің суреті үшін жүлде үлестіретін болсаңыздар,жетіскен екенсіздер ? !
    Айтарға сөзім жоқ, ошшым, гап ёқ !
    Осы барысыңыз болса – орыстың сасық қорасы (СССР-2) сіздер үшін әрқашан ашық.
    :kulki:

  2. Есенғали, Антакиядан 6 Мамыр, 2016 16:28 Жауап

    «Дидываивали» деп аңқырған қараорыстар мына тақырыпқа неге пікір жазбаған ?
    ВРЁРЕД ! сендердің сүйікті темаларың емес пе, 71 жылдан бері ІІ-Дүниежізілік соғысқа «ВЕЛИКАЯ» деп атақ беріп, саудаға салып жүрген ? !

Пікір немесе жауап жазу