Қабатовтың концерті неге кейінге қалды?

016Есімі елге танылып қалған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың Алматыда 9 мамырға жоспарланған әзіл-сықақ кеші жер саудасына қатысты республика бойынша наразылық митинг жоспарланған күнге ауыстырылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Республика сарайында өтеді делінген концерттік бағдарлама 21 мамырға ауыстырылған. Т. Қабатовтың билет менеджері Қарлығаш Қожанова Qamshy.kz тілшісіне бұл өзгрісті соғыс ардагерлері ұйымдарының өтініш беруімен түсіндірді.

«Концерт ұйымдастырушыларына ардагерлер ұйымы Жеңіс күнінде әзіл-оспақ бағдарламасын қоймауды сұрап, өтініш жасаған. Соған байланысты, концерт уақыты кейінге қалдырылып отыр. Осыған дейін билет алып қойған көрермендер болса, сол билеттерімен 21 мамыр күнгі концертке келе алады», - дейді Қ. Қожанова.

Дерек көзі: «Қамшы»