Қабатовтың концерті неге кейінге қалды?

Бөлісу:

016Есімі елге танылып қалған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың Алматыда 9 мамырға жоспарланған әзіл-сықақ кеші жер саудасына қатысты республика бойынша наразылық митинг жоспарланған күнге ауыстырылды, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

Республика сарайында өтеді делінген концерттік бағдарлама 21 мамырға ауыстырылған. Т. Қабатовтың билет менеджері Қарлығаш Қожанова Qamshy.kz тілшісіне бұл өзгрісті соғыс ардагерлері ұйымдарының өтініш беруімен түсіндірді.

«Концерт ұйымдастырушыларына ардагерлер ұйымы Жеңіс күнінде әзіл-оспақ бағдарламасын қоймауды сұрап, өтініш жасаған. Соған байланысты, концерт уақыты кейінге қалдырылып отыр. Осыған дейін билет алып қойған көрермендер болса, сол билеттерімен 21 мамыр күнгі концертке келе алады», – дейді Қ. Қожанова.

Дерек көзі: «Қамшы»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. марат 5 Мамыр, 2016 11:22 Жауап

    бұл жерде неге ауыстырғанын тұрсыбектен сұрау керек, Екінші 21-мамырда өтетін митинг сағат 11-ден бастау алады тұрсынбектің концерті кешке басталады оған не қатысы бар ?

  2. Адай кыз 6 Мамыр, 2016 03:26 Жауап

    Турсынбек те елин суйер, ултжанды азаматтардын бири гой, балким бир есеби бар шыгар. Оз басым Турсынбекти халкын ойламайтын адамдардын санатына коса алмаймын.

Пікір немесе жауап жазу