15-ке толмағандар үшін мектеп формасы ауадай қажет - Мұрат Әбенов

"Балалар қымбат немесе арзан киімге бола бұрыс қарым-қатынас орнатуы мүмкін..."

"15 жастан кейін міндетті мектеп формасын талап етуге болмайды"

Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов 15 жастан асқан оқушылар үшін мектеп формасын алып тастауды ұсынды. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігі хабарлайды.

Мұрат Әбенов 15 жастан асқан оқушылар үшін міндетті мектеп формасын алып тастауды ұсынды
"15 жастан кейін балалар өз көзқарастарын көрсете бастайды. Олар тұлға ретінде қалыптасып, өзінің өзгелерден ерекше екенін көрсеткісі келеді. Біз оларға бұл тұрғыда қолдау көрсетуіміз керек. 15 жастан кейін міндетті мектеп формасын талап етуге болмайды", - дейді Әбенов. "Ал 15-ке толмағандар үшін мектеп формасы ауадай қажет" дейді ол. "Мектеп әлеуметтік өзгешеліктерді туындатпауы керек. Форма балаларды бір деңгейде көрсетеді. Бұл біздің қоғам үшін өте маңызды. Бүгінде бізде бай мен кедейдің арасы жер мен көктей. Балалар қымбат немесе арзан киімге бола бұрыс қарым-қатынас орнатуы мүмкін", - дейді Әбенов. Ол мектеп формасы ел имиджін қалыптастыру үшін міндетті түрде Қазақстанда тігілуі керектігін алға тартты. "Мектеп формасы Қазақстанда сапалы бірақ қымбат емес маталардан тігілуі керек. Мұның еш қиындығы жоқ. Ол қолымыздан келеді деп ойлаймын", - дейді Әбенов.
Дерек көзі: NewTimes.kz