Ресейде жер тегін таратыла бастады

Владимир Путин ресейлік әрбір азаматқа елдің қиыр шығысынан 5 жылға тегін пайдалануға ауданы 1 гектарлық жер телімдерін беру туралы заңды мақұлдапты.

Путин әрбір ресейлікке 1 гектардан тегін жер таратуда

Бұл туралы РФ Мемлекеттік құқықтық ақпарат органының ресми сайтында жазылған  деп хабарлайды  abai.kz.

Ресейліктерге тегін берілетін мемлекеттік немесе муниципалдық жер телімдері Саха Республикасы (Якутия), Камчатка өңірі, Хабаровск, Примор өлкелері, Амур, Магадан, Сахалин облыстарымен қатар, Еврей және Чукот автономиялық облыстарынан қарастырылмақ.

Үй салу үшін немесе шаруашылықпен не кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер алғысы келетін адам тиісті орындарға арыз жазуы керек.

Заң бойынша, 5 жылдан кейін ол адамнан жерді пайдаланғаны үшін ақы алынуы мүмкін. Пайдаға аспай жатқан жерді мемлекет қайтарып алады.

Дерек көз: abai.kz.