«Бізге қаржы керек» деген әкім митингіге шығушыларды батыс қаржыландырып отыр деп күдіктенеді

Бөлісу:

012Ақтөбе тұрғындарымен сенбі күні кездесіп, Жер кодексіндегі өзгерістерді түсіндірген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев соңғы аптада елдің бірнеше аймағында болған «жерге сатуға қарсылық» шерулеріне «Батыс ақшасының» қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген. Бұл туралы жергілікті «Диапазон» басылымы хабарлаған.

– Алаңға шығып айғайға басқаннан ешкім ұтпайды. Біз Украинада не болып жатқанын көріп отырмыз. Мен кешегі кездесуден соң (29 сәуірде облыс әкімдігінде өткен белсенділермен кездесуін айтады – Азаттық) жастарға дұрыс нәрселерді жеткізер деп ойлаған едім. Бірақ олай болмады, керісінше, студенттерді саябаққа шығып, Жаңаөзен оқиғаларын қайталауға шақырады. Мұның бәрі заңсыз. 27 сәуірдегі шеру (Ақтөбедегі – Азаттық) заңсыз болды. Біз ешкімді қудалаған жоқпыз, бірақ белсенділерге: «Ондай жағдайды қайталамаңдар. Егер қайталайтын болсаңдар заң алдында жауап бересіңдер» деп ескерттік. Біз неге Батысқа тығылған біреулердің айтқанын тыңдауымыз керек? Неге біз Батыстың ақшасына жұмыс істеуіміз керек? Ұлт намысы қайда? – деген Сапарбаевтың сөзін келтірген басылым.

Жер туралы заңдағы шетелдіктерге жерді жалға беру мерзімінің 10 жылдан 25 жылға дейін ұлғайтылуына қатысты сұраққа жауабында Бердібек Сапарбаевтың «бізге қаржы қажет» деп жауап бергенін және «егер қаржы құятын болса – мейлі, австралиялықтар я ирандықтар болсын – оларға алғыс айтамыз» дегені туралы жазады жергілікті газет.

– Көбінде ештеңе жоқ, не техника, не ақша жоқ. Ал 24 жылдың ішінде олардың қожайындары түк бітірген жоқ және ештеңе бергісі келмейді. Біз қай жақтан келсе де, шетелдік кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеуді қолдаймыз. Ең бастысы – бізге қаржы керек! – деген Ақтөбе облысының әкімін сөзін келтірген «Диапазон» басылымы.

Сонымен бірге кездесу барысында 2016 жылы Қытайдың CNPC компаниясы Ақтөбеде 1 миллиард 300 миллион теңгеге жастар сарайын салуды жоспарлап отырғаны айтылған. Бердібек Сапарбаев «Қытайды мақтамайтынын» айтқан, бірақ «солардың арқасында бізде отын бекетінде газ литрінің бағасы 20-28 теңге», ал өткен 19 жылдың ішінде компания «9 миллиард 100 миллион доллар әкелді» деп мәлімдеген.

«Диапазон» басылымының жазуынша, әкіммен кездесуге облыстық ішкі істер департаменті бастығы мен облыс прокуроры, сонымен бірге парламент сенаты депутаты Елеусін Сағындықов қатысқан. Кездесу өткен Достық үйінің айналасын жай киім киген адамдар қоршап, ғимарат жанында арнайы техника тұрған.

Дерек көзі: Азаттық

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 34 пікір жазылған

  1. Мәмлегер 1 Мамыр, 2016 20:14 Жауап

    Егер елбасы халық өтініші мен талабын жерге тастамаса, игі болар!!!

  2. онтустик 1 Мамыр, 2016 20:25 Жауап

    Әйтеуір бір батыл елагасы шыгып шындыкты айттыау, батыстын былыгы екенін. арандатушылык болган сайын билик коркады батыстын атын атауга, одан сайын жағдай ушыгып кетемадеп. букил алем батыстын айтканымен журип, силтеуимен омир суруы керек. ендиги максаты букил егемен мемлекеттерди жоиып, бир ортак алемдик мемлекет орнату, азаматтары ортак тилде сойлейтин, улттык ерекшеликтеринен айырылган, диндеринен бас тарткан. шамалары да жетеди оган, ойткени колдарында букил алемнин байлыгы шогырланган, алемдик банктер, акпарат куралдары, уздик технологиялар, кен орындар, алтын мен мунайдын багасын солар реттеп отырад, гарыш технологиялары, тыңшылар кызмети, куатты аскери бар. биздин оларга карсы коятын куатымызжок, сондыктан азия елдери мусылман елдер косылып харекет жасауымызкажет. айтпесе биртиндеп жойип жиберед.

  3. Каба 2 Мамыр, 2016 10:34 Жауап

    Мен өз басым «ішкі», «сыртқы», «батыс ақшасын» көрген де естіген де жоқпын. Естігенім шетелдіктерге жерді сату, жалға беру. Ал, ата-бабаларымыз топырағын қандарымен жуып ұрпағына қалдырған, барлық қазаққа ортақ мұра. Оның жекеменшік иесі ЖОҚ, иесі ХАЛЫҚ! Шын кәсіпкер жалға алған , күнін көріп отырған жерін құртса, ол кәсіпкер емес. Бақылау дұрыс болса, жергілікті билік ДҰРЫС жұмыс істесе жер тозбайды. Қалғандары САНДЫРАҚ. Халықпен санаспау, «аңқау» санап, жерді сатудың ҚИТҰРҚЫЛАРЫ» деп білем. Ертең қалың қазақ қиналса, сатқандар түп-тұқияныңмен қазақ ұлтының қарғысына қалады. «Қанына тарпағанның-ҚАРЫ сынсын» деген қазағым.

  4. Жастар 2 Мамыр, 2016 16:35 Жауап

    Бердібек мырза барынан тоналып ( Қазба байлық, завод фабрика, рухани т.с.с.) қазақтың ең соңғы үміті ата-бабасының аманат етіп қалдырған жері.
    Сол Жер-Анасын қызғыштай қорып, шымшықтай шырылдап
    жүрген қазақтың жастарының бастарынан бір тал шашы түссе біз ешнәрседен тайынбаймыз. Соны біліп қой!

  5. Есенғали, Антакиядан 2 Мамыр, 2016 18:05 Жауап

    Бердібек Сапарбаев деген кім ? Көсеушінің «продуктісі» !
    Көсеудің өнімі не ? Күл !
    «Қаржы керек» болса 25 жылда қарамай сата бермей, өндіріс орындарын ашу керек еді. Алтыңның үстінде тұрған, Менделеев шалдың кестесіндегі элементтердің бәрі бар Қазақстанды орыстың артын жалаймын деп банкротқа ұрындырып, бүгінгі күні «бізге қаржы керек» деп қақылдап отыр.
    Батыс қарапайым қазақты митингке шығуға қаржыландырып неғылсын ? Көсеушіні тағынан тайдыру үшін оларға жарым сағат жеткілікті. Жыланорданың төбесіне АҚШ-тың 4 вертолётінен түскен «морской котиктер» ол жұмысты у-шусыз жарым сағатта тындырады.
    Усама Бен Ладенді солай бала-шағасымен жаһаннамға аттандырып жіберген.
    Өтірікті судай сапырғанда адам сенетіндей қылып сапыру керек қой, «продукт» «мырза» ? !
    :oilanu:

  6. сенгіш емес 2 Мамыр, 2016 23:09 Жауап

    акштың мәлімдемелерінің сүзгі аркылы откізіп отырган жон. ойткені создеринде шындык аз, олардын саясаты оте ылас. акштың теңіз десанты бен ладенді пакістандағы вилласының төбесінен тусип өлтірді дегені, оның 11 кыркуйек окигасына катысы болганы да жалган нәрсе. ойткені буш пен бен ладендар аулеттерінің өткен гасырдын 70 жылдарынан бастап таныстыгы болган, ортак мунай бизнесі болган. одан бөлек 95ж. буштардын карлайл групп деген банкіне бен ладендар аулеті 2 млн доллар инвестиция жасаган. тыгыз искерлик карымкатынаста болган.
    иранның тыңшыларының пайымдауынша, бен ладенді акштын спецназы виллада олтірді дегеннен 5 жыл бурын, ол буйрек ауруынан өлген. акыш 5 жыл бойы турлі озі ұйымдастырган ланкестык арекеттерді бен ладен мен алькаедага жауып келген. 11 кыркуйекке де америка журналистері ішкі каупсиздк кызметинин катысы бар деп болжап отр.
    соншама акыштын десанты вертолетпен акорданын устине тусетиндей, казакстаннын аспаны кез келген бейтаныс откен-кеткен ұшактарга ашык тура ма екен? онын исламабадта мумкін болғаны, ойткені акш арнайы «операцияны» пакістандыктардын келісімімен откізді.

  7. Есенғали, Антакиядан 3 Мамыр, 2016 07:38 Жауап

    АҚШ-тың мәлімдемелерін сүзгі арқылы өткізіп отырғанды жөн көретін «геополитик» сенгіш емес «мырза» !
    Қазақстанның аспанын, сенің көсеміңнің Жыланордасын орыстың совет дәуірінен қалған металлоломы қорғай ма ?
    Күнарадан құлап жатқан инвалид «Протондарының» сықпыты анау, кеше ғана «Восточный» космодромынан ұшырған ракетасын екінші «заходта» әрең ұшырды.
    Сенің сеніп отырған қортық «стратегтің» есін кіргізу үшін, «дидываивали» прәзнигінің» алдында АҚШ өзінің әуе күштерінің қандай екенін көрсетті (интернеттен тауып ал).

  8. бір кісі 3 Мамыр, 2016 08:46 Жауап

    жер сатылмайды және жалғада берілмесін 25-жылда бастарың жетпей игералмаған сендер кінәлісіңдер бастарың жетпесе тимеңдер жерге кеинен артымыздағы ұрпақ өздері игеріп алар егер сатылатын болса мен соңғы жаным қалғанша соғысамын

  9. дереккөздер 3 Мамыр, 2016 10:42 Жауап

    гугл: «буш и бен ладены дружат семьями»
    «фаренгейт 9/11»- режиссер Майкл Мур буштар мен бен ладендердің катынасы, кыркуйек окигасы жайында фильм де тусирген.

    Christopher Bollyn – Solving 9-11: The Deception that Changed the World –
    Кристофер Боллин- 11кырк. окигасының жайттарын аныктау. Әлемді өзгерткен айлакерлік.

    ютюб, онлайн кітабы да бар. бірак бір оғаштығы, бұндай төтенше купияларды ашык әшкерелегіні ушін акышта бұрын катты кудалайтын. казір ашык турде жарияланып жүр. бұл жайтта да бір гәп бар сиякты……..

  10. Есенғали, Антакиядан 3 Мамыр, 2016 11:17 Жауап

    Дереккөз іздегіш, сен аспаныңды һәм Жыланорданы қорғайтын металлоломдар туралы дерек ізде !
    :kulki1:

  11. Анткьядагы мырзага 3 Мамыр, 2016 11:24 Жауап

    сонда сіз акыштын аскери куатын мактан тутып отырсыз ба? соншама мусылман елдін шыркын бузган, панасыз, шарасыз калган байгус адамдарын балаларын жетектетіп, карияларын аркалатып, жер-жерге тентретип жиберген мусылманнын ен биринши душпаны болатын елди мактан тутып отырсыз ба?
    білебілсеніз 91 ж. бастап, ресеи батыска антогонист емес. ресеидн атазанынын авторы ким? ресеиде билик кимнин колында болса, акыштада, буткил батыста да сонын колында. туптеп келгенде кандары бір. олар бир бирине карсы емес, брак карсы болгандай куй корсеткиси келеди. ку саясат жургізіп, алемді болип алып, баскарып отыр.

  12. Дереккөз іздегішке 3 Мамыр, 2016 11:45 Жауап

    Адаспа ағайын !
    Арабтарды өз елінен бездіріп, тентіретіп қойған соғысқұмар лилиПутин.
    «Еуропаны босқындарға толтырсам, Еуродақ ыдырап кетеді» деген арам ойлы қортық «стратегтің» жұмысы бұл.
    Әгәрки, «Жаһандық Жандарм» атанған АҚШ болмаса, орыс пен қытай сен құсаған орысқұлдарды әлдеқашан түтіп жеген болар еді !

  13. Қолқоюсыз 3 Мамыр, 2016 11:54 Жауап

    дұрыс айтасың бізге қытай қәуіпті қәзір біз айдағармен аюдың ортасында отырмыз

  14. Акыштын кайырымдылыгына сенгіштерге 3 Мамыр, 2016 12:19 Жауап

    путинди мулдем жактамаймын, керисинше, «ақ елдер» казыр алемде жеке дара устемдик жургизгиси келеди. оздерин ен акылды, соган лайыкты нәсілміз деп санайды. бирак жапондар, корейлер, кытайлар олардан интеллектуалды потенциалы жагынан, енбеккорлыгы жагынан, өндірістік кабілеті жагынан алдекайда алда.

    ал боскындар туралы, 2004ж. лдпрдын көсемі келесідей сұхбат берген. соны тынданыз. тусиниксизи тек, неге бұндай нарселерди калай ашык айтып отырганында ози жебирей бола тұра. кандай гәп жатыр мунда?.

    https://youtu.be/dQ__wYKIukg

  15. жек пікірім 3 Мамыр, 2016 12:19 Жауап

    неге осы біздер осы қытайға қашанғы жалтақтай береміз егер әскерімізге қаржы жетпеи жатса менің әр ай сайын жалақымнынан ұсталатын пенционый взностың 5% паиызын қазақтың әскері мықты болу ұшын аударып отыруғада дайынмын өитіп қорқақ болып өмір сүргенен жер сатылмасын ол ұрпақтың несибесі

  16. міне 3 Мамыр, 2016 13:04 Жауап

    міне дұрыс пікір, кушті армия керек. ресеидин армиясы 1 млнга жуык, жакында улттык гвардия курды, оган тагы 400мын косыныз. акшпен натонын армиясы 3 млн, кытайдыкі 2,5 млн. казактын армиясында 150мындай адам бар, резервтагыларды косканда 250мын болып калады. осы армия ма?
    снг елдеринен кезинде ядролык каружаракты таркилеп, батыстын ресеиге тапсыруды мажбурленгени куатты армиянын болмагандыгынан, деп жакында брифингте академик Журинов айтты.

  17. ҚАЗАҚ БАЛАСЫ 3 Мамыр, 2016 20:33 Жауап

    менде қосылам сенің пікіріңе жеке пікір әскер мықты болу керек қазақтың ал әскеріміз мықты болуын кім қалайды жалақысынан 5% пайыз беретін жаны ашыитын қазақ барма әркім далбаса жаза бермеи

  18. бала 3 Мамыр, 2016 20:38 Жауап

    егер мен жұмыс жасап тұрсам 10%берер едім қазақ елімнің армиясы ұшын егер бай болсам түгел жарты қаржымды бере едім менде қолдаймын қазақтың әскері мықты болғанын

  19. шопан 3 Мамыр, 2016 20:51 Жауап

    егер шынымен қазақ әскері мықты болатын болса мен қорадағы соңғы қоиымды да беремін

  20. нұрлан 3 Мамыр, 2016 21:01 Жауап

    менде қосыламын әскеріміз мықты болғанына неге үкмет халықа үндеу тастап көрмеиді халық елдің мықты болуы үшін қарсы емесқо жалақының 10 пайызы под налог болсын жақсы пенцоный 5 пайыз 5 пайыз әскердің керек жарағы болса қалай болады жер деп жаны ашып жатқан халық сірә елдің қамы үшін 5 пайыз беруге қарсы емесқо өздерін қорғап тұрған әскерлерге пікір айталмайдығо жоқ болмайды деп

  21. МАҢҒЫСТАУ адай 3 Мамыр, 2016 21:08 Жауап

    менде қарсы емеспін әрдайым қазақ әскері мықты болғанға керек мағанда батыс қытай орыс деп әркімге жалиақтап өмір сүргенен керек болса 10 пайызалсын жалағымнан

  22. атырау он екі ата байұлы 3 Мамыр, 2016 21:22 Жауап

    қаршы керек болса меніңде жалқымнан алсын ай сайын менде елдің әскері үшін қыиналмаймын мықты болғаны мағанда керек

  23. шындық 3 Мамыр, 2016 21:37 Жауап

    әскеріміз күшті болсын және де өтінішім ағалар қазақтың әскері кім күшті мықты болғанын қалайтын туралы бір күшті мағала жазып осындай жалақытан ұстасақ қалай болады деп елге пікір тастап көріңдерші осы жер ел деп жүрген халық шынымен елдің жердің қамын оилайма жеме жемеге келгенде біздің ел осы әскердің арқасында мықты болады осыны ұмытпаңдар ағайындар өтініш күшті жер туралы жазып жатқан ағайындар осындай әскер туралы мақала жазыңдаршы

  24. адай мұңал ұрпағы 3 Мамыр, 2016 22:35 Жауап

    бердібек аға ешкім бізді қарыжыландырып отырған жоқ бізге ең бірінші тыныштық керек біз намышыл ұрпақбыз жер бұл ата мен бабадан қалған жер бізге амант болып қалған егер қаржы жетпеи жатса ортаға сал бірге бөлісеиік кіші жүз ұрпақтары ондай адам емез мен бөлініп жатқан жоқпын бөлінгенің беті күисін днгендеи менде сол ұстанымда мын шынымен біздің әскер әлсіз жоқардағы пікірге қосыламын

  25. шығыс қазақыстан обылысы өскемен 3 Мамыр, 2016 23:19 Жауап

    Бердібек аға мен сені жан аға деитін едіғо неге сол дәржеге жетікпе қаржы жоқ деитіндеи дәрежеге армиямыз әлзізбе онда менің де жалақымнан алшы қазақ әскері үшін

  26. маңғыстау баласы 3 Мамыр, 2016 23:57 Жауап

    менде сөздеріңе қосыламын қазақ әскері мықты болғанын қалаймын тек ана жердің мәселесін шешіңдерші ағажандар

  27. ақтөбе 4 Мамыр, 2016 00:15 Жауап

    Бердібек әкім мырза аға біз сіздің Ақтөбе өңіріне әкім болғанға қарсы емеспіз тек ел-жер тақтырын ашып айтпағанға ренжіп отырмыз сіздіңде ұрпақтың жеріғо неге қаржы жетпеиді бұқпаламай айтыңшы сонда кімге қаржы керек елбасы айтқандай әуеденде жерденде бізің әскер мықты дегені өтірікпе егер қаржы жетпесе менде ыразымын жалақымнан 10 пайыз алыуына егер әскеріміз күшті бақуаты болуына қарсылығым жоқ

  28. шымкент тараз 4 Мамыр, 2016 00:39 Жауап

    менде қаламаймын елде бүлік болғанын тек ата бабадан қалған жерді жалға бермеңдерші өтініш жалақымнан ұстасаңдарда ризамын әскер үшін маған жер қымбат қасық қаным қалғанша

  29. шымкент тараз 4 Мамыр, 2016 00:44 Жауап

    кешіріңіз ағайындар ана жерде бүлік болмағанын қалаймын деп жаздым қәтелесіп кетім кешірің кешірің кешірің мені

  30. жаңа өзен баласы 4 Мамыр, 2016 01:02 Жауап

    Бердікбек мырза мен әскердің күшті болғанын қалаймын жоқардағы әрбір ағайының пікіріне қосыламын ? тек кәрім мәсімов кетсін өтініш соны елбасықа жеткізінші өтініш

  31. алматы 4 Мамыр, 2016 01:59 Жауап

    алматы қалқыда әскердің мықты болғанын қалайды жер сатылмасын және кәрім мәсімов орнынан кетсін заңға қазақ тағдырына сол кіналі

  32. қазақтың әлім шекті ұрпағы 4 Мамыр, 2016 02:16 Жауап

    алты ата әскердің күшті болғанын қалайды керек болса меніңде жалақымнан алсын елдің мықты болуы үшін қашанғы қытай орыс деп жалтақтай береміз бердібек аға мен жерді беруге қарсымын ол жер ұрпақтың несібесі кәрім мәсімов кетсін

Пікір немесе жауап жазу

он екі − тоғыз =