Алаш зиялыларының жер мәселесінде ұстанған ұстанымдары

012Әлімхан Ермековтың қазақ жеріне байланысты Лениннің алдына қойған үш мәселесінің бірінен үзінді:

 «Қазақ ұлты белгілі бір қоғамдық, мемлекеттік, экономикалық, саяси даму деңгейіне көтерілгенше, ғылым мен техниканы меңгеріп, отбасылық дәулеті еуропалық ұлттармен теңескенше жерді жеке меншікке беруге және қоныстанушыларды әкелуге болмайды».

Смағұл Сәдуақасов:

 «Сырттан келiп отарлауды уақытша тоқтату керек; әуелi жергiлiктi халықты, соның iшiнде байырғы қарашекпендердiде қамти отырып, оларды толықтай жерге орналастыру қажет; содан кейiн ғана Қазақстанның жер жағдайы мен құнарлылығын зерттеумен шұғылданып, оның құнарлы-құнарсыз екендiгiн, яғни пайдалануға жарайтын артық жер бар ма, жоқ па, соны анықтау тиiс»

Жалау Мыңбаев:

Ендеше, неге сіздер қазақ шаруалары Қазақстан өкіметіне талап қоя алмайды деп ойлайсыздар? Егер білгілеріңіз келсе, айтайын, қазақтардың жағдайы күн сайын нашарлап барады. Олар: «Біздің жерімізді неге алып жатыр?»,- деп сұрайтыны анық. Біз болсақ: ол жердің тұрғындарының басым көпшілігі орыстар дейміз. Оған олар: «Патшалық Ресейдің біздің жерімізді тартып алып, оған өзінің отаршылдарын қоныстандыр деп кім сұрапты?»,- десе, не дейміз…

 Әлімхан Ермеков:

«Жердi тағы да бөлiске салу, жерге орналастырудағы теңгермелi мөлшердi сақтау – өз жерiңнен өзiң қарақшылықпен қуылған (экспропирация) бұрынғы тәжiрибенi еске салып, бақытсыз халықтың тағдыры үшiн жүрегiңдi қансыратады. Мұндай тәжiрибеге даламыз ендi көне алмайды»

Елдос Омаров:

 «Қазақстанда ешқандай басы артық жер жоқ, сондықтан да елiмiздiң еуропалық бөлiгіндегi губернияларынан қоныстанушыларды көшiрiп әкелу туралы әңгiме болуы мүмкiн емес. Төңкерiске дейiн де, төңкерiстен кейiн де Қазақстанға қоныстанған орыс тұрғындары жергiлiктi халыққа жер бөлiнiп берiлгеннен кейiн, оның ыңғайына қарап, ең соңынан барып жерге орналастырылуы керек. Егерде жергiлiктi қазақ халқының талабын қанағаттандыру үшiн қажет болса, онда орыс тұрғындарын Қазақстаннан көшiрiп жiберу қажет».

Деректер алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!..» кітабынан алынды.

Дерек көзіarasha.kz