Алаш зиялыларының жер мәселесінде ұстанған ұстанымдары

Бөлісу:

012Әлімхан Ермековтың қазақ жеріне байланысты Лениннің алдына қойған үш мәселесінің бірінен үзінді:

 «Қазақ ұлты белгілі бір қоғамдық, мемлекеттік, экономикалық, саяси даму деңгейіне көтерілгенше, ғылым мен техниканы меңгеріп, отбасылық дәулеті еуропалық ұлттармен теңескенше жерді жеке меншікке беруге және қоныстанушыларды әкелуге болмайды».

Смағұл Сәдуақасов:

 «Сырттан келiп отарлауды уақытша тоқтату керек; әуелi жергiлiктi халықты, соның iшiнде байырғы қарашекпендердiде қамти отырып, оларды толықтай жерге орналастыру қажет; содан кейiн ғана Қазақстанның жер жағдайы мен құнарлылығын зерттеумен шұғылданып, оның құнарлы-құнарсыз екендiгiн, яғни пайдалануға жарайтын артық жер бар ма, жоқ па, соны анықтау тиiс»

Жалау Мыңбаев:

Ендеше, неге сіздер қазақ шаруалары Қазақстан өкіметіне талап қоя алмайды деп ойлайсыздар? Егер білгілеріңіз келсе, айтайын, қазақтардың жағдайы күн сайын нашарлап барады. Олар: «Біздің жерімізді неге алып жатыр?»,- деп сұрайтыны анық. Біз болсақ: ол жердің тұрғындарының басым көпшілігі орыстар дейміз. Оған олар: «Патшалық Ресейдің біздің жерімізді тартып алып, оған өзінің отаршылдарын қоныстандыр деп кім сұрапты?»,- десе, не дейміз…

 Әлімхан Ермеков:

«Жердi тағы да бөлiске салу, жерге орналастырудағы теңгермелi мөлшердi сақтау – өз жерiңнен өзiң қарақшылықпен қуылған (экспропирация) бұрынғы тәжiрибенi еске салып, бақытсыз халықтың тағдыры үшiн жүрегiңдi қансыратады. Мұндай тәжiрибеге даламыз ендi көне алмайды»

Елдос Омаров:

 «Қазақстанда ешқандай басы артық жер жоқ, сондықтан да елiмiздiң еуропалық бөлiгіндегi губернияларынан қоныстанушыларды көшiрiп әкелу туралы әңгiме болуы мүмкiн емес. Төңкерiске дейiн де, төңкерiстен кейiн де Қазақстанға қоныстанған орыс тұрғындары жергiлiктi халыққа жер бөлiнiп берiлгеннен кейiн, оның ыңғайына қарап, ең соңынан барып жерге орналастырылуы керек. Егерде жергiлiктi қазақ халқының талабын қанағаттандыру үшiн қажет болса, онда орыс тұрғындарын Қазақстаннан көшiрiп жiберу қажет».

Деректер алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!..» кітабынан алынды.

Дерек көзіarasha.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Тимур Толеген 1 Мамыр, 2016 09:10 Жауап

    Ассалаумағалайкум қазақ елім бауырлар.
    Ол бастан ата бабамыз данышпан ақылды болып келген, біз ұрпағымыз бізден кейінгі ұрпақымызда қазақ жерімізді қорғап қалуымыз міндетті. Бізде намысымызбен ақылды сөзбен, елімізді жерімізді қорғап қалуымыз өте қажет. ..
    Алаш ды мақұлдаймын.

  2. Қарапайым қазақ 1 Мамыр, 2016 17:12 Жауап

    Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ.
    Жаттың аты жат.
    Қазақстан- қазақтың ата -бабалары қанымен қорғап қалып, дүниежүзі бойынша көлемі жағынан 9-шы орынды өз ұрпағына аманат етіп қалдырған жерге ие мемлекет.
    ҚР азаматы ретінде бұл заңға өз қарсылығымды айтуға хақым бар!
    Жоғарыдағылар бізге түсіндіріп әуре болмасын. Себебі алдымен көздерін келешекке қаратып ашып өздері түсініп алсын.
    Қытай ойыншық халық емес.
    Сонша жерді жалға 《Біздің жер анамызды》беру деген не сұмдық!
    Сонша жерді 25 жылға жатқа жалға беру түгілі 25 минутқа жалға беру қателік санаймын. Одан әрі олар яғни айтып отырған шетел адамы ( қытай) ҚР азаматтығын алып жерді жекешелендіріп қаптап кетсе қайтеміз?
    Сонша Жерді ҚР азаматына сатуды да қалай түсінуге болады?
    Жерлерді кімдер иеленетіні де белгілі жағдай. (Қалталылар)
    Он жылға бөліп төлеу деген бонус бар болғанымен. … кедей шаруаның Зорға алған жерінің өнімін жетілдіру оны өткізу жағынан зор қиындықтан көз ашпайды.
    Екінің бірінің кредиті немесе қарызы бар басында.
    Кедей шаруа бізде жеткілікті.
    Халықпен санасу керек. Халық айтса қалт айтпайды.
    Аманатқа қиянат жасамаңдар! !! :zhlau:

Пікір немесе жауап жазу

1 × бес =